«Жас Қыран» студенттік ұйымы Қытайда өзінің жетіжылдық мерейтойын атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жас Қыран» студенттік ұйымы Қытайда өзінің жетіжылдық мерейтойын атап өтті

«Жас Қыран» студенттік ұйымы Қытайда өзінің жетіжылдық мерейтойын атап өтті

Сенбі күні Бейжіңде «Жас Қыран» қазақстандық студенттер қоғамының мерейтойлық датасына орай боулингтен жарыстар өтті.

  • 18 Қараша 2012
  • 403
Фото - Caravan.kz

Жарыстарға Бейжіңнің жоғары оқу орындарынан 20 команда қатысты. Спорттық сайысқа сондай-ақ қазақстандық дипломаттар да қатысты.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің ҚХР-дағы ресми өкілі Мұрат Исмағамбетов өзінің алғы сөзінде «Жас Қыранды» жетіжылдық мерейтоларымен құттықтады.

Тартысты өткен доданың нәтижесінде біріншіліктің жеңімпаздары ТМД құрамасы болды. Екінші орынды Бейжіңнің халықаралық экономика және бизнес университетінің командасы алды. Ал үшінші орынға ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің құрамасы жайғасты.

«Жас Қыран» қазақстандық студенттер қоғамының құрамына Бейжің жоғары оқу орындарының студенттері кіреді. Осындай студенттік ұйымдар Қытайдың өзге де қалаларында бар. Атап айтқанда, «Алтын Орда» (Сиань қаласы), «KAZ UNION» (Үрімші), «Ухандағы қазақстандық студенттердің альянсы», «Kazakh Connection» (Шанхай қаласы).

Соңғы жаңалықтар