Жас қызбен бидің түбін түсірген танымал қазақ ақыны көпшілікті таңғалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жас қызбен бидің түбін түсірген танымал қазақ ақыны көпшілікті таңғалдырды

Жас қызбен бидің түбін түсірген танымал қазақ ақыны көпшілікті таңғалдырды

Филология ғылымдарының кандидаты, танымал ақын Серікзат Дүйсенғазин қалың көпшілікті тағы бір талантымен таңғалдырды. Қаламгер тойлардың бірінде биші қызбен бірге заманауи бидің түбін түсірген.

  • 19 Шiлде 2018
  • 560
Фото - Caravan.kz

Сырт көзге салмақты да байсалды болып көрінетін ақыннан көпшілік мұндайды күтпесе керек-ті. Желі қолданушылары Дүйсенғазиннің биіне таңырқап қалғандарын жеткізді.

Ал әріптесін жаңа қырынан танытқан – ақын Қалқаман Сарин.

“Серікзат ағам супер билейді”, “Жас қызбен билеп мәз”, “О қандай жарасымды! Бірнеше рет қарадық қайталап, құданы билеткен той құтты болсын!” – деп тамсанды желі оқырмандары.

Алайда Instagram фолловерлері арасында мұндай қылық ел алдында жүрген ақынға жараспайтынын айтып, сынағандар да бар.


Соңғы жаңалықтар