Жарияланды: 780

Жас сарбаздар Әскери ант қабылдайды

29 мамырда ҚР Қарулы Күштері қатарына шақырылған жас сарбаздар Әскери ант қабылдайды,

деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімдері мен құрамаларында жауынгерлер ел тәуелсіздігін, Отанымыз бен оның халқын қорғауға адал қызмет етуге салтанатты түрде ант береді. Салтанатты іс-шараларға жергілікті билік органдарының басшылары, Ұлы Отан соғысының, Қарулы Күштердің ардагерлері және жауынгерлердің ата-аналары мен достары қатысады. Бұл күнге әскерге алынған бозбалалар тыңғылықты әзірленді. Бір ай бойы олар жас жауынгерлер курсынан өтті. Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихымен, әскери істің негіздерімен танысты, сап дайындығымен айналысты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы және әскери бөлімнің жауынгерлік туы алдында, әріптестерінің ортасында қолына қару ұстап ант қабылдаған олардың бойында патриотизмнің рухы оянып, Отанға деген сүйіспеншілік сезімі қалыптаса түсетіні анық. Әскери борыш пен Антқа адалдық - Қарулы Күштердің тамаша дәстүрі. Оны сақтау жауынгердің адамгершілік қасиеттерінің ең биік шыңы болып қалады. Жас жауынгер салтанатты түрде ант қабылдаған сәттен бастап толыққанды Отан қорғаушысы аталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін