Жас шахматшы Ж. Әбдімәлік ҚБТУ білім грантын жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жас шахматшы Ж. Әбдімәлік ҚБТУ білім грантын жеңіп алды

Жас шахматшы Ж. Әбдімәлік ҚБТУ білім грантын жеңіп алды

Алматыда қазақстандық жас шахматшы Жансая Әбдімәлік ҚБТУ-дің «Alumni club of KBTU» (ҚБТУ түлектерінің клубы) білім грантын жеңіп алды.

  • 14 Шiлде 2011
  • 439
Фото - Caravan.kz

Жансая Әбдімәлік 20 жасқа дейінгі қыздар арасында ASEAN шахматы бойынша халықаралық турнирлердің жеңімпазы болып табылады. Әлемнің үш дүркін чемпионы Ж.Әбдімәлік «халықаралық шебер» атағын жеңіп алған болатын. Осы тұғырдан таймаса, Жансаяны ең жас халықаралық шебер ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгізуі мүмкін. Бүгінде әлем сарапшылары 11 жастағы қазақстандық жас шахматшының шеберлігіне таңғалуда. Жансаяны тіпті, атақты шахматшы Юдит Полгардан асып түсуі мүмкін деп болжауда. Қазіргі уақытта оның алдында «гроссмейстер» атану мен ел абыройын қорғау міндеті тұр.

«ҚБТУ түлектері клубының мүшелері жас шахматшыны қолдауды жөн көріп, аталмыш грантты ұсынып отыр. Университеттің алғашқы түлегі ретінде мен оқу орны әрқашан талантты балаларды қолдап, олардың дамуына инвестиция бөліп отырады деп нық сеніммен айта аламын. Бұл дәстүрді сақтай және Жансаяны қолдай отыра, біз ел дамуына өз үлесімізді қосқымыз келеді», — деді ҚБТУ түлектері клубының президенті Әнуар Нұрпейісов.

ҚБТУ-дың ректоры, профессор Ескендір Бейсембетовтың айтуынша, оқу орнында шахматқа үлкен көңіл бөлінеді. «Өйткені, біздің университетке келушілер көбіне физика-математика мектебінің түлектері, нақты ғылым саласындағы олимпиада жеңімпаздары болып табылады. Олар үшін шебер мамандар да қарастырылған. Мәселен, мұнда халықаралық гроссмейстер Евгений Владимиров дәріс береді. Ал, біздің докторантурада жастар арасындағы әлем чемпионы Дәрмен Сәдуақасов оқиды», — деп атап өтті ол шара барысында.

Соңғы жаңалықтар