Жас спортшы қонақ үйдің 7-қабатынан құлап, ажал құша жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жас спортшы қонақ үйдің 7-қабатынан құлап, ажал құша жаздады

Жас спортшы қонақ үйдің 7-қабатынан құлап, ажал құша жаздады

Керекуде шучьелік жас спортшы қонақ үйдің жетінші қабатынан құлап, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. 12 жасар Валерий Черепов Павлодар қаласына шаңғы роллері жарысына қатысу үшін тамыздың төрті күні келген екен.

  • 11 Тамыз 2015
  • 264
Фото - Caravan.kz

Бірнеше күн бойы жарыста өзін жақсы көрсеткен спортшы жаттықтырушысы тынығу керектігін ескертіп кеткеннен кейін бөлмеден шыққан. Көп ұзамай қатарластары оның қонақ үйдің бастырмасының үстінде жатқанын көріпті. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар мен дәрігерлер аяқ-қолы сынған Валерий Череповты шұғыл ауруханаға жеткізген. Қазір полицейлер осы оқиғаға қатысты өзге спортшылар мен Павлодарға барған жасөспірімнің ата-анасын да тергеп жатыр. Өзін-өзі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жас спортшыны бұл қадамға әлдебіреулердің әлеуметтік желі арқылы жазып жіберген хабарламасы итермеледі деген болжам бар. Ал ақхалаттылар енді оның шаңғы спортымен айналысуы екіталай дегенді айтуда.

 

Анжелика Заднепровская, Павлодар облыстық балалар ауруханасы реанимация бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушысы
:

—  Бала бізге ауыр жағдайда түсті. Жамбасы, аяқ-қолы сынған. Сондай-ақ, өкпесі зақымданған. Қазір жағдайы орташа, дегенмен біраз емделуі керек. Қалай құлағаны есінде жоқ. Жетінші қабаттан құлап, тірі қалғаны таңғаларлық жағдай, әрине. 

Соңғы жаңалықтар