Биыл бозбалалар мен бойжеткендер шығармашылық сайысты Мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығы мен қаланың 55 жылдығына арнады.
Әншілер репертуарында -қазақ музыкасының көркемдігін бейнелей алған халықтық әуендер, Отанға арналған патриоттық және лирикалық әндер.
Бірінші орын Зеленая Роща ауылының тұрғыны, зор дауыстың иесі Кенжебек Қуандыққа берілді. Солнечный кентінен келген Зарина Жәкенова мен Төрт үй ауылынан Жансая Молдахметова жүлдегерлер арасынан көрінді.
Байқаудың жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Жас талап» байқауын «Ата-мұра» орталығының қолдауымен Екібастұз әкімдігінің ішкі саясат бөлімі ұйымдастырды.