«Жас ұлан» республикалық мектебінің 41 түлегі үлкен өмірге жолдама алды - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жас ұлан» республикалық мектебінің 41 түлегі үлкен өмірге жолдама алды

«Жас ұлан» республикалық мектебінің 41 түлегі үлкен өмірге жолдама алды

Бүгін Елордадағы «Отан қорғаушылары» монументі жанындағы алаңда армия генералы С.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің 10-ыншы түлектерінің салтанатты бітіру рәсімі өтті. Мектепті бітіріп, үлкен өмірге қанат қаққан биылғы тәрбиеленушілердің саны -

  • 7 Маусым 2011
  • 346
Фото - Caravan.kz

41, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұландар «Отан қорғаушылары» монументіне гүл шоқтарын қойды. Оларға салтанатты жағдайда, көптеген меймандар мен достарының қатысуымен дипломдар табыс етілді.

Мектептің биылғы бітірушілері Ұлттық бірыңғай тестте жоғары нәтижелерге жетіп отыр. Олардың орташа көрсеткіші 89,5 баллды құрайды.

Алғашқы ұландар білім ордасын 2002 жылғы маусымда бітіріп шыққан болатын. Мектеп 2002-2011 жылдар аралығында 475 түлекті қанаттандырды. Олардың 80 пайызы Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Германия мен Түркияның жоғары әскери оқу орындарында білім алуда.

Болашақ Отан қорғаушыларына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Астана қалалық және Сарарқа аудандық әкімдіктерінің өкілдері, Ұлы Отан соғысының, Қарулы Күштердің ардагерлері және жауынгер интернационалистер сәт сапар тіледі.

Жарғысына сәйкес орта жалпы білім беретін мемлекеттік және шет тілдерін, әскери тәртіп пен дене тәрбиесі дайындығын тереңдетіп оқытатын мектеп болып табылады. Бұл жерде 420 тәрбиеленушіні оқыту жоспарланған.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков мектептің материалдық-техникалық базасын жаңартуға ұдайы назар аударып отырады. Бұл оқушылардың лайықты білім алып, замануаи техникаларды сауатты меңгеруіне мүмкіндік тудырады.

Бітірушілер шағын алаңда сап түзеп өтумен ғана шектелген жоқ. Вальс билеп, салтанаттың сәнін де келтірді. Қалыптасқан игі дәстүр бойынша көкке ақ ұлпа армандарына оралған ақ көгершіндер ұшырды.

Диплом тапсыру салтанатынан соң 68665 әскери бөлімі құрметті қарауыл ротасының шағын есептобы жеке қарумен дефиле көрсетті.

Соңғы жаңалықтар