Жарияланды: 720

«Жас ұлан» ұйымының атрибутикасына байқау жарияланды

Бүгін жаңадан құрылған «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының атрибутикасына байқау жарияланды.

Байқаудың талаптарына сәйкес ұйым атрибутикасында логотип, төсбелгі және галстуктың үлгісі болуы қажет. Олардың бәрі «Жас ұлан» мен «Жас қыранның» негізгі қызметі мен мақсатына сай әзірленуі шарт. Шығармашылық жұмыстарды бағалау кезінде көркемдік ойдың шеберлігіне, идеялық мақсатқа және графикалық талғамға ерекше мән берілетін болады. Байқауға ұсынылатын барлық жұмыстар konkurs_zhasulan@mail.ru электронды поштасына тамыздың 5-сіне дейін жіберілуі тиіс. Байқаудың қорытындысы тамыздың 12-сінде жарияланады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін