Қоғамдық маңызы қомақты аталмыш шара барысында оқушылар мен ұстаздар қауымы назарына ақиық ақынның өнегелі өмір тарихынан сыр шертетін бейне материал ұсынылып, мөлдір сезімнің тұңғиығынан туындайтын таза толқынның құдіретін асқақтататын «Махаббат диалогы» көркем көрініс етіп сахналанды, дарыны дара ақынның өлеңдері оқылып, әндері орындалды.
Жыр қадірін бағалай білетін жас ұрпақ өкілдері өмір шындығын өлеңіне өзек еткен өн бойы өлең мен өрттен өрілген өзгеше ақынның рухына тағзым етіп, өлеңі арқылы өзімен сырласып, қазақ халқының әдеби маржанына айналған бай мұрасынан сусындады.
Игі шараның мақсаты жас ұрпақтың бойына ұлы даламыздың ұлы тұлғаларына деген құрмет сезімін ұялату мен жас қаламгерлердің талабын шыңдап, поэзияға баулу екендігіне тоқталған орталықтанған кітапханалар жүйесі 11-ші филиалының меңгерушісі Сәуле Керімбайқызы өткізіліп жатқан поэзия кешінің тәрбиелік маңызын айрықша атап өтті.