Бұл туралы жас жазушы Аягүл Мантай өзінің Фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды kаz.Caravan.kz.
"Өзімді қоқыстан утопия іздеп жүргендей сезінем. Әдебиет күннен күнге жезөкшеге ұқсап бара жатыр. Ол ортада бәрі сатылады. Ар да, ұят та, намыс та… Әдеби ортадан жезөкше бейнесіндегі (еркегі бар, әйелі бар) адамдарды жиі көрем. Әділдік, тазалық олардың табандарында тапталып жатыр… Олар үшін ар мен ұяттың құны жоқ. Біздегі әдебиеттегі сатқындық пен екіжүзділікті, аярлықты әңгіме етудің өзі жиіркенішті" депті Аягүл Мантай