Жас жігіт мешітте жамағатқа ұран тастап, Елбасын қолдауға шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жас жігіт мешітте жамағатқа ұран тастап, Елбасын қолдауға шақырды

Жас жігіт мешітте жамағатқа ұран тастап, Елбасын қолдауға шақырды

Шымкент қаласындағы орталық мешітте екі жігіт жамағатты жинап, президентті қолдауға шақырған.

  • 16 Тамыз 2017
  • 361
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы sputniknews.kz жазады.

Жамағат ортасында тұрған жас жігіттің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты қолдауға шақырып, ұрандатқан видеоролик әлеуметтік желіде пайда болды. 

"Нұрсұлтан!", — деп ұран тастайды видеода жас жігіт. "Қазақстан", — деп қосыла дауыстайды мешітке жұма намазға жиналған жұрт. 

Бұл видеодағы оқиғаның мән-жайы туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне ОҚО орталық мешітінің наиб-имамы Еркебұлан Қарақұлов айтып берді. Наиб-имам сол күні жұма намазын өткізген. 


Имамның айтуынша, бұл жарты жыл бұрын түсірілген видео екен. 

"Бұл оқиға биыл 20 қаңтарда болды. Жас жігіт маған келіп, хадис айтатынын, соны видеоға түсіруге рұқсат сұрайды. Бізде бейнероликтер түсіреді, туристер келіп жатады, біз рұқсат береміз. Мен қоғам үшін пайдалы іс деп ойладым. Ол жамағатты жинауды сұрады. Жұма намазынан кейін микрофондарды жинап қайтып келсем, ол халықты жинап үлгеріпті. Мен ұрандарды естіген кезде, мені алдап кеткенін түсіндім. Мен бірден араласып, оның дұрыс жасамағанын айттым. Мешіт саяси жиындар өтетін жер емес, бізде ондайға қатаң тыйым салынған", — деп әңгімеледі Қарақұлов. 

Имамның айтуынша, бұл жиынды екі адам өткізген, екіншісі видеоға түсірген. 

"Ол "Бұл дұрыс қой, біз президентімізді қолдауымыз керек" деді. Менің еш қарсылығым жоқ, бірақ мешітте ондай нәрселерді өткізуге болмайды", — дейді ол. 

Наиб-имам жігіттерден видеоны интернетте жарияламауды сұраған. Олар уәде берген, бірақ сөздерінде тұрмады. 

 

Соңғы жаңалықтар