Жас жігіт жолдасын өлтірген соң өзіне қол жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жас жігіт жолдасын өлтірген соң өзіне қол жұмсады

Жас жігіт жолдасын өлтірген соң өзіне қол жұмсады

Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында адам өлтіру қылмысы ашылды.

  • 3 Мамыр 2012
  • 432
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиғаның себепкері де бақилық болды — ол өз-өзін өлтірді деп хабарлады ОҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Бәйдібек АІІБ-нің кезекші бөліміне ауыл көшелерінің бірінен зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның денесі табылғандығы туралы хабар түскен. Тергеу-жедел тобы Ордабасы ауданының тұрғыны, құрылыс компанияларының бірінде жұмыс істейтін 23 жастағы жігіт көптеген ауыр жарақаттардан көз жұмғанын анықтады.

«Бір сағаттан кейін 65 жастағы жергілікті тұрғыннан тағы бір хабарлама келіп түсті. Өз үйінің ауласындағы құрылыстардың бірінде ол жас азаматтың мәйітін анықтады. Бәйдібек ауданының 23 жастағы тұрғыны жіпке асылғаны анықталды», — деп мәлімдеді баспасөз қызметінен.

Тергеу барысында анықталғандай, мерт болған жас азаматтар арасында ұрыс болғаны анықталды. Жергілікті тұрғын өзінің танысын ұрып-соғып өлтірген соң, өзіне қол жұмсаған. Полицейлер болған оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысуда. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 96 бабына («Адам өлтіру») сәйкес қылмыстық іс қозғалды.