Жасанды интеллект арқылы шығындарыңызды қалай оңтайландыруға болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жасанды интеллект арқылы шығындарыңызды қалай оңтайландыруға болады?

Жасанды интеллект арқылы шығындарыңызды қалай оңтайландыруға болады?

Жасанды интеллектті пайдаланып, жеке қаржыңызды талдауға болады.

  • 12 Ақпан
  • 4
Фото: digitalocean.ru

Аудитор әрі кәсіби бухгалтер Сұлтан қаржылық сауаттылықты арттырудың қарапайым әдісімен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Жасанды интеллектті пайдаланып, жеке қаржыңызды талдауға болады. Ол үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

1.⁠ ⁠Банк үзінді көшірмесін PDF форматында жүктеп, оны GPT-мен чатқа жіберіп, келесі сұранысты жазыңыз:

«Соңғы 3 айдағы үзінді көшірмемді қарап, менің бюджетім қандай болғанын, қандай табыс пен шығындарым бар екенін анықтап, оларды санаттарға бөліп көрсет»

•⁠ ⁠Егер сізде бірнеше үзінді көшірме болса, оларды ретімен жүктеп, мынандай сұраныс жазыңыз:

«Бұл – екі түрлі банктегі үзінді көшірмелерім. Соңғы 3 айдағы деректерді қарап, жалпы бюджетімді, табысым мен шығындарымды санаттар бойынша бөлшектеп көрсет»

ИИ сіздің кіріс пен шығындарыңыз туралы есеп жасап, қаражаттың қайда жұмсалатынын көрсетеді. Бұл нақты қаржылық жағдайыңызды түсінуге көмектеседі.

2.⁠ ⁠Болашаққа жоспар құрамыз. Ол үшін мынадай сұраныс пайдаланамыз:

«Соңғы 3 айдағы бюджетіме сүйене отырып, маған болашаққа арналған бюджет жоспарын жасап бер»

3.⁠ ⁠Соңғы тармақ: байқалмайтындай етіп, қалай үнемдеуге болады? Ол үшін келесідей сұраныс жазыңыз:

«Соңғы 3 айдағы бюджетіме сүйене отырып, менің күнделікті өміріме аса әсер етпейтін 5 үнемдеу әдісін ұсын.»

Бұл әрине бәрін толығымен шешпейді, бірақ жасанды интеллект сізге шығындарды оңтайландырудың тиімді жолдарын тауып береді, әрі бұл процесс бар болғаны 10 минут уақытыңызды алады.

•⁠ ⁠Егер сізде көп PDF файл болса, GPT-дің тегін нұсқасы жеткіліксіз болуы мүмкін. Бұл жағдайда шығындарды бірнеше рет жүктеу немесе әртүрлі аккаунттар арқылы талдау жасауға болады.

Перейти к новостям спорта