Жасанды интеллект: қиын жағдайдағы отбасын қолдау тетігі енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 518.31
  • 567.96
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жасанды интеллект: қиын жағдайдағы отбасын қолдау тетігі енгізіледі

Жасанды интеллект: қиын жағдайдағы отбасын қолдау тетігі енгізіледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова тиісті қолдау іс-шараларын нақты мұқтаж отбасыларға бағыттаудың жаңа тетіктері туралы айтты.

  • 4 Сәуiр
  • 8
Фото: topwar.ru

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

-Қазіргі кезде әлеуметтік бюджетті бөлудің категориялық жүйесі өте тиімсіз екенін көріп отырмыз. Бұл жағдайда көмекті нақты мұқтаж адамдарға беру керек. Осы орайда атаулы әлеуметтік көмекке қатысты Мемлекет басшысы нақты тапсырма берген еді. Бүгінде цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, біз шынымен мұқтаж адамдарға төлемдерді қамтамасыз еттік. Барлығын қамту үшін Отбасын қолдау орталықтарының күші мен ресурстарын пайдалануды жоспарлап отырмыз, — деді С. Жақыпова Сенат жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысында.

Оның айтуынша, еліміз бойынша 104-ке жуық осындай орталық құрылған. Бұл мәселелерді Мәдениет министрлігі қадағалап жатыр. Бірақ Еңбек министрлігі осы орталықтар үшін әлеуметтік қызмет көрсетудің интеграцияланған моделінің стандартын әзірледі. Бұл модель барлық мемлекеттік органдардың бір цифрлық платформада тікелей өзара іс-қимылын қамтиды.

-Бұрындары олар хат жазып, қандай да бір көмек сұрауға өтініш беріп жүрген. Енді қазір бір батырманы басып, отбасына қандай нақты қызмет қажет екендігі туралы ақпарат алуға болады. Осы қанатқақты жоба Шымкентте жүзеге асырылып жатыр. Оның нәтижесі бойынша жобаны еліміздің барлық өңірінде іске қосамыз. Қиын өмірлік жағдайдағы отбасын қолдау үшін Цифрлық даму министрлігімен бірге цифрлық картада жасанды интеллект тетігін енгіземіз. Бұл өз кезегінде адами факторсыз отбасының қиын өмірлік жағдайдан шығуының жеке жоспарын әзірлейді, — деді министр.