Жасанды интеллект Вена университетінің студенті атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.94
  • 583.74
+18 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жасанды интеллект Вена университетінің студенті атанды

Жасанды интеллект Вена университетінің студенті атанды

Вена қолданбалы өнер университетінің тарихында алғаш рет нейрожелі студент атанды

  • 7 Сәуiр
  • 3
ФОТО: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Flynn деп аталатын жасанды интеллект цифрлық өнер бағдарламасына ресми түрде қабылданды және басқа студенттермен тең дәрежеде оқиды.

Университет басшылығының хабарлауынша, мұндай эксперименттің мақсаты – шығармашылық саладағы адам мен жасанды интеллект арасындағы өзара әрекеттесуді зерттеу.

Бір қызығы, Flynn оқуға қабылдау сынағының барлық кезеңінен өтті: өзінің портфолиосын ұсынды және сұхбаттасудан сәтті өтті. Жасанды интеллект университет ережелерінде студенттің міндетті түрде адам болуы жөніндегі ресми талаптың болмауына байланысты, оқуға қабылданды. Бұл факт — оқу орнының әкімшілігінде атап өтілді.