Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.
«Құрметті Леонардо, бізге сіздің көмегіңіз керек. Біздің планетамыздың ең үлкен экологиялық проблемасы – құрғаған Арал теңізі екенін анық білетініңізге сенемін. Триллиондаған тұз жер шарына тарап, үлкен мұздықтардың еруіне бірден-бір себеп болып отыр. Одан миллиондаған адамның өмірі қысқарып жатыр.
Мен «Жаңбыр адам» ретінде танылған Алтай Айнабек және менің командам бұл апатты тоқтатуға жұмыс істеп жатырмыз, қолымыздан келгеннің бәрін жасап келеміз. Инновациялық технологиямызды қолданып жатырмыз. Бірақ бұл жеткіліксіз. Бізге көмек керек. Сондықтан Леонардо мырза, осы видео арқылы өз атымнан және Орталық Азияның миллиондаған тұрғынының атынан сізден көмек сұраймыз. Арал теңізіне келіңіз, біздің ортақ үйіміз Жер планетасына көмектесіңіз», — деді ол желідегі парақшасына жариялағани видеосында.
Алтай Айнабектің бұл видеосын көрген қазақстандықтар Леонардо Ди Каприоның аккаунтын белгілеп, назарын аударуға тырысып жатыр. Әзірге, атақты актер Айнабектің жазбасына жауап берген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін әйгілі шетелдік актер Қазақстан үкіметіне ақбөкендер популяциясын сақтауға күш салғаны үшін алғыс айтқан.