Таразда қалалық жағажайда отбасымен демалуға келген жасөспірім қаза тапты.
Sputnik агенттігіне төтенше жағдайлар жөніндегі комитет баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 16 шілдеде күндіз Зербұлақ көлінде болған. Құтқарушылар судан 2005 жылы туған баланың денесін алып шықты және 2004, 2005 жылдары туған қыздар құтқарылды.
Куәгерлердің айтуынша, балалар жағажайда отбасымен демалып жүрген. Ер бала қарындастарын жоғалтып алып, құтқаруға ұмтылған. Оның денесін сүңгуірлер тауып алды, бірақ бәрі тым кеш еді.
Жамбыл облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті хабарлағандай, екі қызды жағада кезекшілік етіп жүрген құтқарушылар судан алып шыққан. Бірі ес-түссіз болыпты. Ал екінші қыздың ішіндегі суды ағызып шығарған.