Полицейлер хабарламаға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz— ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде 6 желтоқсанда қызды зорламақ болған жерінде ұсталған ер адам ішкі ағзадан қан кетуі салдарынан камерада қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды.
Атырау облысының Полиция департаменті бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"6 желтоқсанда жасөспірімді зорламақ болған жерінде ұсталған адамның қамауда қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша жауапты екенін хабарлаймыз. Сондай-ақ, факт бойынша жалған ақпарат таратқан тұлғаларды анықтау жүргізіліп жатыр", — деді полиция өкілдері.
Еске салайық, 6 желтоқсанда Атырауда ер адам ішінде 13 жасар қыз отырған көлікті ұрлап кеткен болатын. Ол оны зорламақ болған кезде ұсталды.