Жасөспірімдер арасында «Сенің құқығың жеткіншек» тақырыбында байқау өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жасөспірімдер арасында «Сенің құқығың жеткіншек» тақырыбында байқау өтті

Жасөспірімдер арасында «Сенің құқығың жеткіншек» тақырыбында байқау өтті

Бүгін Алматыдағы Қазақстан Жазушылары кітапханасында жасөспірімдер арасында «Сенің құқығың жеткіншек» тақырыбында байқау өтті.

  • 10 Маусым 2011
  • 765
Фото - Caravan.kz

Шараның мақсаты — бүгінгі күні қоғамның әрбір өскелең жастарының заң алдындағы жауапкершілігін арттыру. «Байқау жастарға құқықтық нормативтік актілерді орындап, құрметтей білуге үйретуге, өз құқықтарын қорғай білуге үйретуге, сонымен қатар демократиялық көзқарас қалыптастыруға бағытталған. Жас тұлғаны үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі — осы құқықтық тәрбие», -дейді Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Роза Қабиева.

Байқауға Алматы заң колледжінің (Азамат» тобы), Тұрар Рұсқұлов атындағы Экономика университетінің колледжінен («Ақиқат» тобы), Қонаев атындағы Университет колледжінен («Әділет» тобы) және Алматы технология университетінің колледжінен («Жеті жарғы» тобы) барлығы 20-дан аса студент қатысты.

Байқау шарттары бойынша студенттер «Блиц», «Жасырын сөздер», «Сөзжұмбақтар сайысы», «Өмірге келдің, заңыңды білгін!» сайыс кезеңдерінде өз білімдерін шыңдады.

Жиын барысында сондай-ақ студенттер өлең оқып, әнін шырқады. Ал өз кезегінде кітапханашы АйымТұрсынханова «Сенің құқығың жеткіншек!» атты кітап көрмесімен таныстырды.

Әділ қазылар алқасы әр топтың берген жауабына бағаларын беріп жеңімпаздарды анықтады. Байқаудың қорытындысы бойынша «Ақиқат» тобы — Бас жүлдені, «Азамат» тобы — бірінші, «Жеті жарғы» — екінші және «Әділет» тобы — үшінші орындарды иеленді.

Соңғы жаңалықтар