«Жасотандықтар» аула клубтарында болашақ офицерлерді даярлауды қолға алуда - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жасотандықтар» аула клубтарында болашақ офицерлерді даярлауды қолға алуда

«Жасотандықтар» аула клубтарында болашақ офицерлерді даярлауды қолға алуда

Елордада «жасотандықтардың» күшімен болашақ әскерилерді даярлайтын «Жас Ұлан» әскери-патриоттық аула клубы ашылды.

  • 8 Шiлде 2011
  • 491
Фото - Caravan.kz

Бұл істе «жасотандықтарды» «Нұр Отан» ХДП-дағы әріптес аға буын мен Астана қаласы Қорғаныс басқармасы қолдап отыр.

«Клубты ашудағы басты мақсат — балғындарды жастайынан әскери қызметке қызықтыру», — дейді Астана қалалық «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Анатолий Добровольский.

Әскери офицерлер аталмыш клубта балаларды әскери тәртіп пен ережелерге баулып, әскери тактика, саппен жүру техникаларынан сабақ береді. Сонымен қатар оларды қару-жарақ түрлерімен таныстырып, оны қауіпсіз қолдану машықтарына үйретпек.

Астанада 21 аула клубы бар. Алайда «Жас Ұлан» әскери-патриоттық бағытта жұмыс істейтін жалғыз клуб.

А. Добровольскийдің айтуынша, «жасотандықтар» әскери-патриоттық бағытта тағы бір аула клубын ашуды жоспарлауда.

«Мемлекет басшысы «Нұр Отан» партиясының 13-съезінде билік партиясының алдына «Жас Ұлан» бірегей жастар қозғалысын және «Жас қыран» атты жаңа балалар ұйымын құру қажеттігі туралы айтқан болатын. Аталған ұйымдардың алғашқы қарлығашы ретінде ашылған бүгінгі клуб, келешекте әскери бағыттағы аула клубтарының көбеюіне септігін тигізеді деген ойдамыз», — деп атап өтті А. Добровольский.

Енді балалар Қорғаныс басқармасының ұйымдастыруымен қалада орналасқан әскери бөлімшелерге барып, жауынгерлік қару-жарақтарды көру мүмкіндігіне ие болмақ.

«Меніңше, шамамен 10-20 жыл өткен соң осы ауладан елімізді қорғайтын арыстай азаматтарымыз бен ықыласқа лайық офицерлер тәрбиеленіп шығады. Нәсіп етсе, Қазақстанның болашақ Қорғаныс министрі де алғашқы мансабын осы жерден бастар», — дейді ол.

Соңғы жаңалықтар