Махаббаттың жас талғамайтынын дәлелдеген халық әртісі ізінен ерген інілерге қаншалықты үлгі бола алғанын шоу-бизнес өкілдері өзі айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Shownews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Махаббат жасқа… Негізі қарауы керек. Менің өзімнің жеке пікірім, жеке ойым. Махаббат жасқа қарайды», — дейді Бағлан Әбдірайымов.
Әншінің бұл пікіріне Төлепберген толықтай қарсы. Өйткені өнер иесі өзінен 13 жас кіші аруды жар етті. Айқынның айтуынша, махаббатқа келгенде уақыт пен жылдардың маңызы шамалы.
«Екі адамның бір-біріне деген сезімі – танысқан кезде жасына қарамайды. 40-50 жас қиындау шығар. Бірақ 13-15, 20 жас болса оған қарамайды", — деп күлді Айқын Төлепберген.
Жеке өмірі қызу талқыға түскен халық әртісінің әйелі мен қазіргі Исабекованың жасы шамалас. Жұбайлардың жаңа қадамы Мақпалдың жанын жадыратып, жүрегін жылытып әрі сезімін сергеткен сыңайлы. Осы орайда бойдақ бикештің бойындағы үміт отын да маздатқаны анық байқалады.
«Махаббат үшін жас маңызды емес. Өйткені сенің сүйіктің қанша жаста, қай жылы туған сенен кіші туды ма, сенен үлкен болып туды ма – ол сенің еншіңде емес. Алла тағала солай жаратып, екеуіңді қосты. Мен үшін махаббат деген сондай болуы керек», — дейді Мақпал Исабекова.