«ЖасSTAR» шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ЖасSTAR» шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылды

«ЖасSTAR» шығармашылық байқауының қорытындысы шығарылды

Шығармашыл жастарға арналған «ЖасSTAR» халықаралық фестивалі аясында өткен байқаудың қорытындысы шығарылды. Республиканың барлық өңірінен қатысушылардан 426 өтінім жиналды. Фестиваль мен байқауды Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырды.

  • 19 Желтоқсан 2020
  • 26
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік, шығармашыл жастардың «ЖасSTAR» халықаралық фестивалі 7-26 қараша аралығында онлайн форматта өтті.

Фестивальдің алғашқы күнінен бастап 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұйымдастыру комитеті жас мәдениет және өнер қайраткерлерінің фотография, кескіндеме, мүсін, графика, инсталляция және видео бағыттары бойынша шығармашылық жұмыстарын қабылдады. Өтінімді кәсіби деңгейі мен біліміне қарамастан, 16 жастан 40 жасқа дейінгі кез келген адам бере алады. Қатысушылардың жұмыстары 2020 жылы әзірленген және фестивальдің «Жаңа ұрпақ әлеуметтік алшақтыққа қарамастан, шығармашылықты жалғастырады!» манифесі аясында өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 426 өтінім келіп түсті.

Жұмыстарды кәсіби қазылар алқасы бағалады, оның құрамына: өнертанушы, Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА оқытушысы Юлия Сорокина, режиссер, сценарист Эльмира Карманова, Қазақстанның кәсіби фотографтары қауымдастығының негізін қалаушы Елена Сорокина, қазақстандық ЮНЕСКО Клубтары Федерациясының Вице-президенті Серқан Аязбаев, Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Алматы қаласындағы өкілдігінің директоры Сергей Тохтаров, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры өкілдігінің Алматы қаласындағы PR-менеджері Артур Жұмашев, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры өкілдігінің Алматы қаласындағы жобаларының аға үйлестірушісі Тимур Исмаилов кірді.

Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА аға оқытушысы Юлия Сорокина: «Фестиваль мен байқау –Қазақстанның шығармашыл жастарын қолдауға ұйымдастырылған маңызды бастама. Қатысушыларға бағдар мен бағыттар берілді: фотосурет, заманауи өнер, кескіндеме, графика, бейне-арт және қызметі шығармашылық жұмыстарды тікелей жүктеуге мүмкіндік беретін онлайн-платформа ұсынылды. Жұмыстарды талдау кезінде байқау қазірдің өзінде танымал болған тәжірибелі суретшілердің де, жаңадан шыққан авторлардың да назарын аударды. Сондықтан жүлделі орындарды бөлу туралы шешім қабылданды», — деді.

  • 1 орынды және 300 000 теңге ақшалай сыйлықты «Татуласу» фотосуреттер топтамасы үшін Александра Тюлюбаева (фотограф, Нұр-Сұлтан қ.) мен «Error409» жұмысы үшін Бақыт Бубиканова (суретші, Алматы қ.) бөлісті. А.Тюлюбаеваның «Татуласу» фото-сериясы шындыққа еліктейтін стерильді әлем тұжырымдамасын ұсынады. Б.Бубиканованың «Error409» кескіндеме жұмысы концептуалды бағытты ұсынады және дәптердің эскизін шарикті қаламмен үлкен кенепке дейін масштабтайды, бұл адамның телефонмен немесе Zoom конференциясы барысында ұзақ уақыт сөйлесу кезінде еріксіз сурет салатын уақытын көрсетеді.
  • 2 орын мен 200 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты бір-бірін толықтыратын екі жұмыс бөлісті. Бұл мүсінші Айдос Есмағамбетовтың (Нұр-Сұлтан қ.) «Абай» гипер-реалистік мүсіні және мүсінші жұмысы туралы сюжетті түсірген Арман Қайыржанның (Нұр-Сұлтан қ.) бейне материалы.
  • 6 музыканттан тұратын музыкалық топтың қашықтан «Бозторғай» музыкалық шығармасын орынлауы туралы және Қазақстандағы және әлемдегі бүгінгі мәдени жағдайды көрсететін бірегей видео әзірлеген Шынар Қанатқызына (Орал қ.) 3 орын және 100 000 теңге көлеміндегі жүлде берілді.

Сонымен қатар, қазылар алқасы тағы бірнеше жұмысты ерекше атап өтті. Юлия Сорокина байқаудың жас қатысушылары — Лев Захаров (Қостанай қ.) пен Марина Псарьдың (Көкшетау қ.) жұмысына куратор көзайымы жүлдесін табыстады. Жас өнертанушылар Еуразиялық мәдени Альянстың «Көркемдік ымдау мектебінде» оқу ұсынылды.

Сондай-ақ, Қордың ынталандыру сыйлықтарымен туған өлкесі туралы бірқатар жұмыстары үшін Қызылорда қаласынан келген Еркебұлан Елеуов, «Абай» инсталляциясы үшін Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Тынысбек Бопиштай, фотосуреттер сериясы үшін Екатерина Цой мен Евгения Волкова (Нұр-Сұлтан қаласы) марапатталды.

Анықтама

Фестивальдің білім беру бағдарламасы аясында театр өнері, кино, поэзия, әдебиет, фотография, заманауи өнер және креативті индустрия саласында 14 вебинар, онлайн-пікірталас, artist-talks өтті.

Үш апта бойы Қазақстан, Ресей, Грузия және Өзбекстаннан келген 35 сарапшы – белгілі мәдениет қайраткерлері өздерінің бірегей шеберлік сыныптарын өткізіп, қатысушылардың сұрақтарына тікелей эфирде жауап берді. Қазіргі заманғы мәдениет пен өнер әлемінің танымал кәсіпқойлары – Мариин театрының жетекші солисі Михаил Векуа, Еуропалық киноакадемия мүшесі, кинорежиссер Әділхан Ержанов, продюсер Серік Әбішев, фотодокументалист Сергей Максимишин, актер Елжас Рахым, Қазақстан қолөнершілер одағының президенті Айжан Бекқұлова, қазіргі заманғы өнер кураторы Ирена Попиашвили және басқалар фестиваль қатысушыларымен өздерінің баға жетпес тәжірибелерімен, білімдерімен және табыс құпияларымен бөлісті.