Жастар Алматыдағы РФ консулдығы алдында Кеден одағына қарсы наразылық шарасын өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастар Алматыдағы РФ консулдығы алдында Кеден одағына қарсы наразылық шарасын өткізді

Жастар Алматыдағы РФ консулдығы алдында Кеден одағына қарсы наразылық шарасын өткізді

«Рух пен тіл» жастар клубының белсенділері жұма күні РФ Бас консулдығы ғимаратының алдына жиналып, Кеден одағына наразылық шарасын өткізді.

  • 1 Шiлде 2011
  • 349
Фото - Caravan.kz

Шараға он шақты адам қатысты, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі тілшісі хабарлады.

«Біз экономикалық Кеден одағының саяси одаққа айналуына, КСРО-ның қайта құрылуына және сол үшін Қазақстан тәуелсіздігін құрбан етуге қарсымыз», — деп клуб жетекшісі Жанболат Мамай мәлім етті.
«Біз жастар ұйымдары мен азаматтық қоғам өкілдері Кеден одағын тек экономикалық одақ қалпында қалдыруды талап етеміз. Бұл талаптарымыз орындалмайтын болса Кеден одағына қарсы шаралар ұйымдастырамыз», — деп атап өтті ол.
Одан кейін Ж.Мамайды құқық қорғау орындарының қызметкерлері ұстап әкетті.
Наразы топ «Кеден одағы құрылғаннан кейін Қазақстанда бірқатар қиындықтар пайда болғанын» алға тартты. Жанар-жағармай, шетелдік көліктер мен азық-түлік бағасы қымбаттады дейді олар.

Соңғы жаңалықтар