Жастар арасындағы әлем чемпионатында екі боксшымыз ширек финалға шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 518.5
  • 601.62
+36 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастар арасындағы әлем чемпионатында екі боксшымыз ширек финалға шықты

Жастар арасындағы әлем чемпионатында екі боксшымыз ширек финалға шықты

Ереванда өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында екі боксшымыз ширек финалға шықты.

  • 4 Желтоқсан 2012
  • 517
Фото - Caravan.kz

75 келі салмақта Дәулет Байғабатов жаңа зеландиялық Итан Кулаетаны жеңді — 18:3. Дәулет енді ширек финалда әзірбайжандық Орхан Майыллымен кездеседі.

69 келіде Айтжан Шілеев моңғолиялық қазақ Ерған Қуатты ұтты- 13:5

49 келіде Әділет Құрметов моңғол Гандулам Мунгун-Эрденнен ұтылып (18:21), жарысты аяқтады. Ал 56 келіде Әділбек Әділжан кубалық Алексис Виллалонға 15:19 есебімен есе жіберді, деп хабарлайды «Аламан» спорт агенттігі.