Жастар арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандықтар «А» тобына өтуге мүмкіндік беретін ақтық турды Беларусь хоккейшілерімен өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастар арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандықтар «А» тобына өтуге мүмкіндік беретін ақтық турды Беларусь хоккейшілерімен өткізеді

Жастар арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандықтар «А» тобына өтуге мүмкіндік беретін ақтық турды Беларусь хоккейшілерімен өткізеді

Бүгін Венгрияның Секешфехерваре қаласында хоккейден 18 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионатының Бірінші дивизионының «В» тобындағы командалардың 5-туры өтеді.

  • 17 Сәуiр 2012
  • 396
Фото - Caravan.kz

Алғашқы 4 турдың қорытындысы бойынша Беларусь пен Қазақстан құрамалары ғана жеңіліссіз келе жатыр. Енді олардың арасындағы ақтық ойында келесі келесі турда «А» тобында бақ сынауға мүмкіндік беретін жолдаманың тағдыры шешіледі.

Екі команда бұған дейін қарсыластар қақпасына 22 шайба енгізген болатын. Алайда өз қақпаларына беларустер — 4, қазақстандықтар — 10 шайба жіберіп алды. Василий Васильченко жаттықтыратын қазақстандықтар украиндарды 4:5, поляктарды 7:1, австриялықтарды 7:4, венгрлерді 3:1 есебімен ұтты. Ал беларустер қарсыластарынан 7:1, 5:1, 3:2 және 7:0 есебімен басым түсті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера