Бүгін, 9 қарашаға қараған түні Левенде (Бельгия) 2023 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінің матчі өтеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Vesti.kz-ға сілтеме жасап.
Бұл ойында Бельгия құрамасы Қазақстан командасын қабылдайды. Ойынның басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 00:00. Матч трансляциясын мына сілтеме арқылы тамашалай аласыз.
Еске салайық, іріктеу кезеңінің бұған дейінгі екі матчінде Қазақстан құрамасы Бельгия (1:3) және Даниядан (0:1) ұтылған. 1 тобында қазір командамыз нөл ұпаймен соңғы орында (бесінші). Бельгия командасы бірінші келеді. Қазақстаннан бөлек бельгиялықтар Түркия құрамасын (3:0) да ұтқан. Осылайша, екі ойында алты ұпай жинады.