Жарияланды: 580

«Жастар кадрлық резерві - 2011» жобасына жаңа үміткерлер таңдалып алынуда

Бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» ЖҚ Атқарушы хатшысы Нұрлан Өтешев Республикалық «Жастар кадрлық резерві - 2011» жобасы аясында брифинг өткізіп, жаңа үміткерлерді іріктеу басталғандығы туралы хабарлады.

«Жастар кадрлық резерві - 2011» жобасы алғаш 2009 жылы іске асқан еді. Сол жылы 1000 қатысушының 30-ы сертификат иеленсе, 2010 жылы 2000 үміткердің 65-і сертификат алды. Бұл жобаға қатысып, өз ой-пікірлерімен бөліскен жастардың ішінен ең мықтыларын таңдап, оларды мемлекет болашағы үшін жұмыс істеуге жұмылдырамыз. Мысалы, бүгінде біз бұл жобаның 2010 жылғы түлектерімен бірге жұмыс істейміз. Олар өздерінің жаңа идеялары арқылы еліміздегі өзекті мәселелердің шешімін табуға зор көмек көрсетуде», - деді Н. Өтешев. Жалпы 2009-2010 жылдар аралығында жобаға 3 мыңнан астам жастар қатысып, олардың 100-ге жуығы ашық байқауға қатысқан болатын. Брифингте іріктеу кезеңдері аталып, талап-шарттары да мәлімделді. Талап бойынша, жобаға қазақстандық және шетелдік жоғарғы оқу орындарын тәмамдаған 29 жасқа дейінгі кез келген азамат қатыса алады. Бірінші кезеңде 300-ге тарта жас байқаудың негізгі кезеңіне жіберілмек. Жоба нәтижесі бойынша, үздік рейтинг жинай алған 30 конкурсант іріктеліп алынып, кадрлық резерв тізіміне енгізілетін болады. «2009 жылы жобаларын ұсынған 32 адамның екеуі «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елге оқуға жіберілді, тоғызының қызмет дәрежесі көтерілді, екеуі Солтүстік Қазақстан облысы мен Қарағанды облыстарының ауылдық округтарында әкім болып тағайындалды. Ал қалған 11 адам өз жұмыс орындарына қайта оралысымен, 9-ның қызмет дәрежесі көтерілді», - деп нақтылады Н. Өтешев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть