Жастар командалары арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық қыздар өз тобында үздік шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастар командалары арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық қыздар өз тобында үздік шықты

Жастар командалары арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық қыздар өз тобында үздік шықты

Кеше волейболдан Вьетнам еліндегі жастар командалары арасындағы XV Азия чемпионатында қазақстандық қыздар 1-8 орындар үшін өтіп жатқан сайыстағы алғашқы сында Тайпей құрамасына есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

  • 16 Қыркүйек 2010
  • 450
Фото - Caravan.kz


Хошимин қаласындағы бұл дүбірлі дода қыркүйектің 12-сі күні басталған болатын. Топтық кезеңде Жаңа Зеландия мен Вьетнам құрамаларын ойсырата жеңген қазақстандық волейболшылар 1-8 орындар үшін өтіп жатқан сында тайпейліктерге 0:3 (13:25,22:25,19:25) есебімен жеңіліс тапты. Людмила Перевертова мен Анатолий Дьяченконың тәлімгерлері бүгін Тайланд құрамасымен сайысқа түседі. Олардың бұл жолғы қарсыластары да кеше жарыс қожайындарын 3:0 есебімен ұтқан болатын.