Жастар командалары арасындағы XV Азия чемпионатында қазақстандық волейболшы қыздар 6-шы орын алды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастар командалары арасындағы XV Азия чемпионатында қазақстандық волейболшы қыздар 6-шы орын алды

Жастар командалары арасындағы XV Азия чемпионатында қазақстандық волейболшы қыздар 6-шы орын алды

Кеше Вьетнам елінің Хошимин қаласында волейболдан жастар командалары арасындағы XV Азия чемпионаты өз мәресінен жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

  • 21 Қыркүйек 2010
  • 433
Фото - Caravan.kz

Қыркүйектің 12-сі күні жалауын көтерген бұл додаға Азияның 15 елінен командалар қатысқан болатын. Людмила Перевертова мен Анатолий Дьяченконың тәлімгерлерін үздік бестіктің қатарына ену мүмкіндігінен Тайпей құрамасы айырды. Олар 1-8 орын үшін болған тартыста алғашқы және соңғы ойынын тайпейліктермен өткізіп, екеуінде 0:3 есебімен ұтылыс тапты.

Жалпы чемпионаттың ақтық кездесуде барлық ойын осындай есеппен аяқталды. Мәселен кореялықтарды тізе бүктірген Қытай құрамасы Азия чемпионы атанса, тайландтықтарды қапы қалдырған жапондықтар үшінші орынға ие болды. Ал топтық кездесуде қарсылас шақ келтірмеген қазақстандықтар 6-шы орныды қанағат тұтты. Одан кейінгі 7-15 орындарды Индонезия, Вьетнам, Иран, Үндістан, Австралия, Жаңа Зеландия, Фиджи, Гонконг және Шри-Ланка спортшылары өзара бөлісті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера