Жастар журналистикасын дамытуға арналған Jas Qalam республикалық жобасы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастар журналистикасын дамытуға арналған Jas Qalam республикалық жобасы басталды

Жастар журналистикасын дамытуға арналған Jas Qalam республикалық жобасы басталды

Әмбебап және конвергентті журналистерді даярлауға арналған «Jas Qalam» республикалық жобасына қатысу үшін өтініш қабылдау басталып кетті. Жобаны Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен Қазақстан жастарының конгресі ұйымдастыруда.

  • 20 Қазан 2020
  • 30
Фото - Caravan.kz

Жобаның мақсаты — қазақстандық журналистиканы дамыту, өз саласындағы кәсіби мамандарынан, еліміздің танымал журналистерінен, БАҚ менеджерлері мен БАҚ жетекшілерінен, блогерлер мен телеграм-арналардың авторларынан, медиа-тренерлерден тегін білім алуға мүмкіндік беру.

Дәстүрлі сипатқа ие болған жоба биыл үшінші рет өткізіледі. Өткен жылы қатысушылар блог жүргізу, тележурналистика, баспа және интернет-журналистика бағыттарының біреуін ғана таңдауы керек болса, ал биыл олар блог жүргізу және әлеуметтік медиа, жеке бренд қалыптастыру және PR, тележурналистика, баспа және интернет журналистика сияқты 4 бағыт бойынша бір ай күнделікті білім ала алады.

Айта кету керек, биыл оқу екі тілде өтеді. 26 қазаннан 20 қарашаға дейін орыстілді топқа, ал 16 қарашадан 11 желтоқсанға дейін қазақтілді топқа арналған тренингтер өтеді.

Биылғы жылы мастер-класстардың тақырыптары мен бағыттарын әртараптандыру шешілді. Біз әрбір жас журналистің зерттеуге арналған тақырыптардың толық спектрін алғандығын қалаймыз. Жыл сайын өткізілетін "Jas qalam" тренингтері өз тиімділігін көрсетті. Өйткені, қатысушылар ақпараттық жұмысты жүргізуде жаңа тәсілдер қолданады, қателіктерін көреді және жаңалық таратудың жаңа форматтарын игереді, — дейді Нұрсұлтан Назарбаев Қоры атқарушы директорының орынбасары Әлкей Марғұланұлы.

Бағдарламаның бірінші бағыты«Блоггинг». Бұл апта толығымен әлеуметтік медиа, копирайтинг, сторителлинг, Instagram және Youtube платформалардағы қазіргі тенденциялармен танысуға арналады.

Екінші бағыт
«PR және жеке брендинг». Қоғаммен байланыс саласының үздік мамандары имидж қалыптастыру, БАҚ-пен өзара байланыс құру және дағдарысқа қарсы тұра алатын менеджменттің сырларын жас журналистерге айтып береді.

Үшінші бағыт ТВ саласында қызмет ету мен авторлық бағдарлама жүргізуді армандағандар үшін ерекше қызық болмақ. Тележурналистика апталығы жаңалық жүргізу, ТВ шоу бағдарлама әзірлеу, жеке бағдарлама тақырыптарына арналады.

Бағдарлама баспа журналистикасының негіздерін, тенденцияларын және онлайн БАҚ-та жұмыс істеуді, мақала жазу мен сұхбаттасу өнерін үйрететін бағыттағы оқумен аяқталады.

«Жобаға қатысушылардың саны жыл сайын өсіп келе жатқаны қуантады. 2018 жылы жас журналистерге арналған форум Қазақстанның 4 облысында өтті. 2019 жылы аймақтық форумға еліміздің 7 аймағынан 1000-нан астам жас қатысты. 2 айлық онлайн-жобаның соңында біз қатысушылармен байланысымызды үзбейміз, оларды бақылап, тәлімгерлік көмек көрсетеміз және жас журналистер мен блогерлерге арналған онлайн медиа қоғамдастықтың одан әрі дамуы үшін жоба қатысушыларын коммуникациялық алаңға біріктіреміз», — деді Қазақстан Жастар конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов.

Ұйымдастырушылар Jas Qalam бірыңғай білім беру платформасын құруды бастап кетті. Оны 2020 жылдың желтоқсанында, жобаның соңында іске қосу жоспарланып отыр.

Орыс тобына тіркелу 22 қазан, ал қазақ тобына 16 қараша аяқталады. Сілтеме жобаның инстаграм-парақшасында (@jas.qalam) көрсетілген.