Жастарды бейімдеу орталығының мейірбикесі героин саудалап келген - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастарды бейімдеу орталығының мейірбикесі героин саудалап келген

Жастарды бейімдеу орталығының мейірбикесі героин саудалап келген

Ақмола облысында есірткі саудалаған мейірбике ұсталды. Ол кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығында жұмыс істеген. Сөйтсе, ол туысқандарымен бірігіп, героин саудасын отбасылық кәсіпке айналдырған екен.

  • 12 Желтоқсан 2015
  • 246
Фото - Caravan.kz

Екі қызы мен анасы, тіпті күйеу балалары да осы кәсіппен айналысқан. Олардың әрқайсысының өз міндеті бар. 67 жастағы анасы героинді дозаларға бөліп ораса , күйеу баласы мен қызы оны Сандықтау кентінде сатқан. Ал Кәмелетке жасы толмағандарды бейімдеу орталығында жұмыс істейтін 43 жастағы үлкен қызы есірткіні Көкшетауда үлестіріпті. Балалар денсаулығын сеніп тапсырған мейірбике де, оның сіңілісі де бұрын есірткі саудасы үшін сотталған болып шықты. Мейірбикені полицейлер жұмыс орнында құрықтады. Ал үйінен 2 келіден аса героин тәркіленді.

Жайлаубек Халықұлы, Ақмола облыстық ІІД бастығы

Үш азаматша ұсталды. Оның бірі анасы,екі қызымен есірткіні сатумен айналысқан. Азаматшалар қолға түсті. Қазіргі күні қайдан алғаны,қай жерден алып келгені анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар