Жастарды бұзып жатыр": Депутат USAID қаржыландыратын Қазақстандағы ЛГБТ ұйымдарын айтып, дабыл қақты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+23 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастарды бұзып жатыр": Депутат USAID қаржыландыратын Қазақстандағы ЛГБТ ұйымдарын  айтып, дабыл қақты

Жастарды бұзып жатыр": Депутат USAID қаржыландыратын Қазақстандағы ЛГБТ ұйымдарын айтып, дабыл қақты

Депутат Магеррам Магеррамов USAID сияқты шетелдік демеушілерден алынған қаржы қандай мақсатта жұмсалып жатқанын тексеру керек деді.

  • 12 Ақпан
  • 16
Фото - Caravan.kz

Америкалық кәсіподақтар Трамп әкімшілігін «USAID» ұйымын жапқаны үшін сотқа берді.  Еске салсақ, АҚШ президенті Дональд Трамп бұл ұйымды жемқорлықпен айналысты деп айыптап, оның бүкіл әлем бойынша жұмысын тоқтатқан еді. 

Ал атақты  миллиардер Илон Маск оны «қылмыстық ұйым» деп атап,  тіпті оны Ковид-19-дың әзірленуіне қаржыландыруды жүргізді деп кінәлады.

Еуразия бірінші арнасының тілшілері Еуразия бірінші арнасы USAID ұймы туралы анықтап көрді, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталалы

«Соңғы жылдары USAID белгілі бір бағытта теріс әрекет етіп келеді. Олар түрлі агресивті саясат жүргізіп, түрлі құндылықтарды жоқққа шығарып, қайшылық тудырып отырды. Мұны кейде ашық түрде жасап, ұлттық құндылықтарды қорлап, түрлі пікірлер туғызды»,- деді саясаттанушы Талғат Қалиев

ЮСАИД 1961 жылдар бер өзге елдерге экономикалық, гуманитарлық және әлеуметтік көмек көрсетіп келеді. Оның қатарында Қазақстан да бар. Ұйымның қолдауын алған отандық қорлар мен үкіметтік емес ұйымдар да бар.

Тілшілер сондай ұйымдардың өкілдерімен хабарласып, қаржының қандай мақсатта жұмсалғанын сұрап көрді, бірақ басым көпшілігімен хабарласу мүмкін болмаған. Ал  «Родник» әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік психологиялық оңалту бейімдеу орталығы қоғамдық қоры қандай бір ақпарат беруден бас тартқан.

 АҚШ-тың халықаралық даму агентігінің жұмысына қатысты  депутат Магеррам Магеррамов жастарды бұзатын жат идеологияны насихаттауда деп айыптап, депутаттық сауал жолдаған еді.

«2022-2025 жылдары USAID Орталық Азиядағы адам құқықтарын нығайтуға 2 миллион доллар бөлген. Бірақ бағдарламаның орындаушысы Еуропалық халықаралық ЛГБТ қауымдастығы болып шықты. Бұл ұйым Қазақстанда бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Қандай қаражат, кім, қайда, қандай мақсатқа бөлінетінін анықтауымыз керек. Өйткені сексуалды ашылу құқығы деген ұранмен кейбір топтардың белсенділігі оқтын оқтын байқалады  және ол қоғамның ішкі сұранысынан емес сыртқы әсерден туындап отыр», – деді депутат.

Депутатың дерегінше, USAID  Колумбиядағы трагнсгендерлік опера ұжымына 47 мың доллар, Перудегі трансгендерлік ұжымына 32 мың  доллар бөлген. Сонымен қатар АҚШ Ауғанстандағы апиін өсіруді қаржыландырған.  «Әл-Қаидамен» байланысы бар содырларды азық-түлікпен қамтамасыз ету жобаларын қаржыландырған.