Онлайн форматта өткенімен мектеп оқушысы үшін америкалық ғарышкерлермен тәжірибе алмасу үлкен әсер қалдырған.
Caravan.kz медиа порталының тілшісі Ерасыл Тәуекелмен аэроғарыш саласы төңірегінде әәңгіме өрбітті
— Насадан тағылымдамадан өтуге қалай тап болдың?
— NASA – дағы сол бағдарламаға ТМД елдерінен 20 дан аса бала қатысты. Ал жалпы әлемнің 40 елінен 50 ге жуық талантты оқушы бас қосты. Негізгі мақсаты — Марс немесе астероидтерге экспидиция жасау. Мысалы, бірінші тақырып: Марсқа адамдарды қалай апаруға болады. Екіншісі, астероидке адамдарды қалай жеткізуге болады және астероидтан пайдалы қазбаларды жерге қалай әкелуге болады деген тақырып. Менде 2-3 тақырып болды.Негізі өзім 8 сыныптан бастап ғылыми жұмыстармен айналысып, түрлі сайыстарға қатыса бастадым. Ресейге барған кезде бір талантты оқушымен таныстым, ол NASA -дағы тағылымдамадан бұрын өткен екен. Біздің қазақстандық қатысушыларға ол FISE бағдарламасы туралы айтты және ол жақпен байланысу жолдарын көрсетті. Осылайша NASA-ға хабарластым. Ал іріктеу кезеңі америкалық оқу орындарына түсу сияқты өте күрделі кезеңдерден тұрады. Біріншіден, академиялық білімің лайықты болу керек. Екіншіден, ғылыми жобалар бойынша жетістіктер болу керек. Үшіншіден, ұсынылған тақырыпқа эссе жазу керек болды. Мысалы біздің тақырыбымыз Марсқа байланысты болды. Іріктеу біткен кезде ең үздік 5-6 үміткерді сұхбатқа шақырады. Хьюстондағы арнайы бағдарлама жасаушылармен онлайн сұхбат өтті. Одан үздік шықан ең таңдаулы бір үміткерді жобаға қатыстырады. Осылайша NASA-ныңUnited Space School-да Қазақстанның өкілі атандым. Тағылымдама Хьюстон қаласындағы Линдон Джонсон атындағы ғарыш орталығында өтті. Ол NASA-ның ең маңызды орталығы. Сол жерде басты ұшу орталығы да орналасқан. Екі апта бойы NASA мамандарынан күніне 3-4 лекция тыңдадық. Ең қызықты болғаны ол НАСА ғарышкерлерімен кездесу. Олар Сунита Уильямс НАСА-дағы әйел ғарышкер, Билл Макартур — ол танымал Хабл деген телескоп миссиясына қатысқан және Майкл Бэйкер.
— NASA — да тағылымдамадан өту үшін тағы қандай талаптар болды?
— Әр қатысушы өз елінің мәдениетін көрсету керек болды.Мен Қазақстанның мәдениетін видео форматта көрсеттім. Онда біздің қалаларымызды, ұлттық тағамдарымызды таныстырдым және «Сарыарқа» күйін орындап бердім.
Соңында өз жоспарларымызды NASA мамандарының адында қорғадық. 40 ел 6 топқа бөліндік. Бірінші орынды еуропалық топ алды. Өйткені аталған топ ең үлкені болды. Біздің «Тыным мұхит» тобында Үндістан, Австралия, Жаңа зеландия және Қазақстан болды. Оған КИНЗА деген ерекше ат қойдым. Біз үшінші орын адық.
Сондай-ақ, сол кезде NASA Марсқа марсаход ұшырған болатын. Мен NASA мамандарымен Хьюстандағы ұшу-басқару орталығында онлайн форматта үш күн жұмыс істеп, мониторинг жасадым. Сондықтан үлкен тарихи-ғылыми және техникалық тұрғыда маңызды миссияға өз үлесімді қостым. Қазір аталған марсаход Марсты зерттеп жатыр.
— Ғарыш саласына қызығу қай кезде басталды?
— Кішкентай кезде басталған. Нағашы атамның аулына барған кезде 5 жасымда ескі биік мұнараға шығып алып, түнде жұлдыздарға қарайтынмын.Сол кезден бастап менде шабыт келді. Мектеп кезінде көптеген деректі фильмдерді көріп, кітаптар оқи бастадым. Орта сыныптарда ғарыш саласын тереңдеп зерттей бастадым. Ал 7 сыныпта «Назарбаев Зияткерлік мектебіне» түскенде аэроғарыш деген үйірмеге жазылдым. Ұстазымыз Бидайбеков Оралбек сол үйірмені ұйымдастырды. Онда қарапайым зымырандар жасай бастадым. 2018 жылы өзімнің бірінші ракетамды ұшырдым және сол кезде бұл сала өзіме қатты ұнап, осы жолды таңдау туралы нақты шешімге келдім. 8 сыныпта ғылыми жобаларды бастадым. "Наурыздағы кездесулер–2019" ғылыми жобалардың ұлттық конкурсында бірінші орын иелендім. Ал Байқоңыр ғарыш айлағына сапар кезінде қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовке өз жобаларымды көрсеттім. Онда NASA және Роскомсмостан делегациялар да келген. Сондай-ақ екі университетке оқу грантын жеңіп алдым. Содан бастап шетелдердегі сайыстарға қатысуды бастадым. Еуропа, АҚШ, Оңтүстік Корея мен Ресейде үлкен сайыстар болды.
— Жалпы зымыран жасау қаншалықты еңбекті қажет етеді және қаншалықты қиын?
— 7 сыныпта қарапайым зымырандар жасадым. Қазір мен ұзындығы 1 метрге дейін жететін ракеталарды жасаймын. Ол ғылыми жоба. Шынайы ракеталардың моделі. Бірақ моделі болғанмен олар ұша алады, оның функциялары өте көп, негізі өте қиын жоба. Ғылымда ұшу прототипі деп аталады. Негізі зымыран жасау өте қиын. Тіпті ең қарапайым зымыранды жасау үшін техникалық және ғылыми білім керек. Теориялық қана емес, тәжірибе жүзінде іске асыру да өте маңызды. Негізі аэроғарыш саласы ол әлемдегі ең қиын сала. Өйткені ең жоғарғы технологиялар сол салада әрі ең қымбат сала.
— Сонымен мектеп бітірген соң қай оқу орнын таңдамақсың?ы
— Қазір мен 10 сыныпта оқимын. Менде әлі екі жылым бар. Бірақ Қазақстанда аэроғарыш саласында білім беру дамымағандықтан шетелге оқуды жоспарлап отырмын. Өйткені ол жақтан үлкен тәжірбие, мол білім алып, Қазақстанға енгізсем бе деген жоспар бар.
— Қазақстандағы аэроғарыш саласының дамуы туралы не айта аласың?
— Шынын айтсақ сәл төмендеу. Спутниктер аз, бәсекеге қабілетті емес. Қазір соңғы эксплуатация бітеді және біз Илон Масктегі Starlink деген жобаға кіреміз және бізге интернет береді. Бізде әзірге ғарыш жобалары аз. Мемлекеттегі жобалар аз және ең маңыздысы жастарға жағдай жасалмаған. Мысалы, балалар қазір блогер, тиктокер болуға тырысады. Ал ғарышты игеруді ешкім ойламайды. Ойлайды, бірақ оған жағдай аз жасалған. Себебі, интернетке кіріп, ғарышқа қатысты кітаптарды тауып, өз бетіңше оқу ол өте қиын. Он өз тәжірибемнен білем. Мен ондай қиындықтарды қаламаймын. Мен оданда IT саласына барамын. Негізі қызығушылықты бала кезден қалыптастыру керек. Сондықтан мен қазір инстаграмда ғарышты насихаттауды бастадым. Себебі жастарды ғарышты игеруге тәрбиелеу өте маңызды деп ойлаймын.