Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Мемлекеттік жастар саясаты туралы жаңа заңда шешімін табуы тиіс - "Жастар таңдауы" - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Мемлекеттік жастар саясаты туралы жаңа заңда шешімін табуы тиіс - "Жастар таңдауы"

Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Мемлекеттік жастар саясаты туралы жаңа заңда шешімін табуы тиіс - "Жастар таңдауы"

"Жастар таңдауы" ұйымы өкілдерінің пікірінше, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" жаңа заңда шешімін табуы тиіс. Ол үшін қазір парламентте талқыланып жатқан заң жобасына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі қажет. Жастардың тұрғын үйге мұқтаждығы проблемасына арналып бүгін, 11-наурызда өткізілген дөңгелек үстелде "Жастар таңдауы" ұйымының тең төрайымы Алина Хаматдинова осындай ұсыныс білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Наурыз 2004
  • 4288
Фото - Caravan.kz

А.Хаматдинованың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан жастарының 15 проценті ғана тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Жастардың 5 проценті ата-анасы сатып әперген үйде тұрады. «Мәселенің түйіні жастарға тұрғын үй сатып алу немесе оны салып алуға несие беру тетіктерінің қалыптаспауында жатыр»,- деді А.Хаматдинова.

«Жастар таңдауы» ұйымы жас отбасыларға жеңілдетілген несие беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Қазіргі тұрғын үй бағасы мен жоғары несие ставкасы жастардың басым бөлігіне ипотекалық несие беру жүйесінің қызметін тұтынуға мүмкіндік бермей отыр. Осы орайда А.Хаматдинова жас отбасыларға тұрғын үй сатып алуға 40 жылға дейінгі мерзімге 6-8 проценттік өсіммен несие беретін АҚШ-ты мысалға келтірді.
«Қазақстан ипотекалық компаниясы» ЖАҚ төрағасының орынбасары Нұрлан Тоқабаевтың түсініктемесіне жүгінсек, елімізде қазір ипотекалық несие 15 жылға 13 проценттік үстеме сыйақымен беріледі. Оның айтуынша, Қазақстан ипотекалық компаниясы несие мерзімін 20 жылға дейін ұзартуға, соның нәтижесінде несие ставкасын төмендетуге қадамдар жасауда. Демек, қазақстандық жастар үшін де ипотека қызметін тұтынатын мерзім жақын, деді Н.Тоқабаев. Ол сондай-ақ, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесінің шешімін табу үшін арнайы бағдарлама жобасы жасалып, муниципалдық тұрғын үйлер салына бастайды дегенге сенім білдірді.
Дөңгелек үстелде сондай-ақ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ ұсынып отырған жүйе туралы да сөз қозғалды. Банк өкілі Ерлан Ақжоловтың хабарлауынша, қазіргі жағдаймен «Қазақстанның тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ-ның клиенттер саны 650 болды. Олардың арасында жас отбасылар да бар. Банк ұсынған схема бойынша клиент банкте бірнеше жыл бойы қозғалыссыз мүлік сатып алу үшін ақша жинайды, сол үшін жыл сайын үстеме сыйақы алып, үй сатып алуға қажетті қаржының тең жартысын жинағаннан кейін оның қалған бөлігін банктен несиеге алады. Қазақстанның тұрғын үй жинақбанкінің баспана алуға беретін несиесінің ең жоғарғы проценттік өсімақысы 6,5 процентті құрайды. Тұрғын үй салымы бойынша жинақталған сомаға жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 20 процент көлемінде мемлекеттік сыйақы тағайындалады. Е.Ақжоловтың пікірінше, бұл жастар үшін ең қолайлы жүйе болмақ.
«Жастар таңдауы» ұйымы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бойынша талқылауларды одан әрі жалғастыра бермекші. Сондай-ақ, ұйым «жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасының» жобасын жасайтын бастамашыл топ құруды ұсынып отыр.

Соңғы жаңалықтар