Жастарды жаппай суйцидке итермелеп келген сайттар әшкере болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастарды жаппай суйцидке итермелеп келген сайттар әшкере болды

Жастарды жаппай суйцидке итермелеп келген сайттар әшкере болды

Ал Алматыда жастарды суидцидке итермелейтін 48 сайт анықталған. Мұндай мәліметті қалалық прокуратура қызметкерлері келтіріп отыр. Бұл бар болғаны бір айдың ішінде әшкере болған сайттар.

  • 5 Қараша 2015
  • 208
Фото - Caravan.kz

Осыған алаңдаған прокурорлар бүгін  ата-аналарды жинап, бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамауға шақырды. Өйткені жастарды жолынан тайдыратын әлеуметтік желілердегі жазбалар мен суреттер жағаңды ұстатады. Тіпті кейбірінде қалай өз-өзіне қол салуға болатынын үйрететін айла-тәсілдер де көрсетілген. Сондықтан суицидті насихатттайтын бұл топтарды жабу туралы Бас прокуратураға ұсыныс хат жолданыпты. Айта кетейік, жыл басынан бері әлеуметтік желілердің жетегіне ерген алматылық төрт жасөспірім өз өмірімен қоштасып, тағы тоғызы ажал аузынан әрең аман қалған екен.

Әділет Қуандықов, Бостандық ауданы прокурорының аға көмекшісі

Қазақстан аумағындағы сайттарды жабу мүмкін. Бірақ шетелдің сайттары да көп. Қазақстанның өзінде бір сайтты жапсақ екіншісі ашылып жатады. Бірақ мұнымен тек қана прокуратура емес ата-аналар жұмыс істеп, сайтта не көреді, кіммен сөйлеседі соны қарап, анықтап отыруы қажет.

Соңғы жаңалықтар