Жастарды жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін кәсіптік-техникалық білім берудің жаңа стандарттары - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастарды жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін кәсіптік-техникалық білім берудің жаңа стандарттары

Жастарды жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін кәсіптік-техникалық білім берудің жаңа стандарттары

2015 жылы 14 сәуір, сағат 11:00-де, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (Ғылыми кітапхана, 4 қабат) жастарды жұмыспен қамту проблемаларына және

  • 14 Сәуiр 2015
  • 1406
Фото - Caravan.kz


еліміздің қызмет көрсету саласына білікті кадрлар даярлаудың жаңа стандарттарына арналған «дөңгелек үстел» шеңберінде қысқаша баспасөз мәслихаты өтеді.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының мұрындық болуымен «Тұрақты дамуға қолдау көрсету» Орталығы» ҚҚ және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ болып табылады.
Баспасөз мәслихатына Samsung Electronics Central Eurasia президенті – Юнсу Ким, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры – Г.М.Мұтанов мырза, Алматы әкімдігінің жұмыспен қамту басқармасының, Алматы әкімдігінің білім басқармасының өкілдері қатысады.
«Білім беру «Қазақстан – 2050» Стратегиясының маңызды бағыты болып табылады. Президент жолдауларында әлеуметтік бағытталған, оның ішінде дуалды білім беру мүмкіндігін ұсынатын мемлекетті дамытуға негізгі көңіл бөлінеді. Дуалды білім берудің артықшылығы кәсіпорындар қызметкерлер іздеу және іріктеу, оларды қайта даярлап, бейімдеу бойынша шығынын үнемдей отырып, өздері үшін кадрлар даярлау мүмкіндігіне ие болады, ал жастар үшін бұл дербестікке қол жеткізіп, ересек өмірге оңай бейімделуі үшін тамаша мүмкіндік.
Талдау көрсеткендей, ресми тіркелген жалпы жұмыссыздар санының төрттен бір бөлігін жоғары оқу орындарының түлектері, үштен бірін колледж түлектері құрайды. Тұрғындарды жұмыспен қамту және экономиканың мамандарға қажеттілігін қанағаттандыру проблемасы толық шешімін таппай отыр. Статистика бойынша, жыл сайын нарыққа жоғары оқу орындары мен колледждерден (техникалық және кәсіптік білім ұйымдары) шамамен 300 мың түлек бітіріп шығады.
"Қазақстан — 2050" Стратегиясы мен ҚР "Жұмыспен қамту бағдарламасы-2020" қолдау мақсатында Samsung Electronics Central Eurasia еліміздің сервистік саласына білікті кадрлар даярлау проблемасын шешуде үлкен күш салады.
"Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы мемлекет пен қоғамды дамытудың негізгі артықшылықтарын қолдау үшін өзі қатысушы елдерде әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады.
Білім беру мен жастарды жұмыспен қамту қазіргі Қазақстанды дамыту бағыттарының бірі болып табылады. Осы фактіні түйсіне отырып, компания Samsung техникасына қызмет көрсету және сервистің жаңа стандартын енгізу бойынша білікті кадрлар даярлауға бағытталған осы стратегиялық жобаны іске қосады.
Жоба аясында білім алатын студенттер өндірістік практиканы Алматының үздік авторизацияланған сервис орталықтарында өту мүмкіндігіне ие болады. "Біз бағдарламамызға қатысу жастарға еңбек нарығында айтарлықтай бәсекелі басымдық беретініне сенімдіміз», — деп Samsung Electronics Central Eurasia компаниясының президенті Юнсу Ким мырза мәлімдеді.
«Дөңгелек үстел» шеңберінде Samsung Electronics Central Eurasia LLP, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Орталық-Азиялық техникалық-экономикалық-экономикалық колледж арасында «Samsung Инновациялық Сервистік Академия» арнайы жобасы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылады.
"Самсунг Инновациялық Сервистік Академиясы" – Samsung Electronics Central Eurasia компаниясы мен «Тұрақты дамуды қолдау» орталығы» қоғамдық қорының колледжде оқитындар үшін ғана емес, жоғары оқу орнының студенттеріне де қосымша білім беруге бағытталған арнайы жобасы.
«Samsung Инновациялық Сервистік Академиясы» орта білім беретін оқу орындарының студенттері техникаға сервистік қызмет көрсету саласымен таныса алады, Samsung сандық жүйедегі техниканы жөндеу дағдысын практика жүзінде үйренеді. Оқыту бағдарламасы шеңберінде студенттер шебердің электрондық техника жөндейтін жұмыс орнын ұйымдастыру негіздерін, техника жұмысының негізгі қағидаларын меңгереді, тұтынушылармен жұмыс жүргізу ережелерімен танысады. Сервистік курстарды табысты аяқтаған түлектерге корпорацияның сервистік орталықтарында жұмысқа тұруына жол ашылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы оқыту жүргізілетін Samsung зертханасы жөндеу жүргізуге арналған заманауи қондырғылармен жабдықталады және практикалық зонаға (ұялы телефондар, сандық жүйедегі теледидарлар, принтерлер мен желдеткіш жүйелерін жөндейтін жұмыс орындары толық жабдықталады), теориялық оқыту зонасына және Samsung озық үлгідегі ұялы телефондары мен смартфондары, планшеттер, ноутбуктер, теледидарлар, фотокамераларын таныстыруға болатын демонстрациялық зонаға бөлінеді.