Бұл туралы "Информбюро" бағдарламасы хабарлайды.
«Информбюроның» инстаграмм парақшасында «Ажырасудың себептері қандай?» дегенге пікір қалдырғандардың басым бөлігі ажырасудың басты себебі — күнкөріс жағдайы деп жауап беріпті. Тағы біразы жастардың өміріне ата-аналардың араласуынан деген.
Ерлі-зайыптылардың жауапсыздығы, тәрбиеден дейтіндер де бар болып шықты. Алайда, бір-бірін сүйіп қосылғандар қандай да қиындыққа төзуі керек деген пікірлер мүлдем сирек.
Қалай десек те, ажырасқан жұптардың 70-80 пайызы балалы екен. Демек, 28 жылда өзара түсініспей екіге бөлінген жарты миллион отбасының артында миллионға жуық баланың тағдыры жатыр деген сөз.