Жарияланды: 500

«Жастардың кадрлық резерві» байқауы жалғасын табады

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты «Жастардың кадрлық резерві» байқауын қайта жариялап отыр.

Елімізде үшінші жыл бойы жүзеге асырылып жатқан жобаға 29 жасқа дейінгі қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарын бітірген көшбасшы болудан үмітті жастар қатыса алады. Бұдан бұрын байқауға 3 мыңнан астам адам қатысуға ниет білдірсе, соның жүздейі ғана сыннан өткен. «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Әліби Сүндетовтің айтуынша, қазіргі кезде іріктеу турының бірінші кезеңі өтуде. Үміткерлер анкеталарын толтырып, жобаның www.rezerv.kz сайтына жібере алады. 31 шілдеден кейін келесі кезеңге 300 үміткер өтіп, тағы да сынақ тапсырады. Үшінші кезең үздік 100 қатысушыны анықтайды. Олар отандық және шетелдік жетекші мамандардың қатысуымен білімін жетілдіріп, мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарда тәжірибеден өтеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін