Жастарға патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасы қабылдануы тиіс - А. Тасболатов - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жастарға патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасы қабылдануы тиіс - А. Тасболатов

Жастарға патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасы қабылдануы тиіс - А. Тасболатов

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Абай Тасболатов өскелең жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жөнінде қордаланған мәселелерді көтерді.

  • 7 Қараша 2012
  • 631
Фото - Caravan.kz

«Отан­дық патриотизм — бұл ел­дік­ті, мемлекеттілікті саналы түр­де сезіну. Мәселен, кез кел­ген адамның өзі туып-өс­кен жеріне бауыр басуы, ана тілін толық меңгеріп, оған құрметпен қарауы, өз Отаныңның мүддесін ойлау, ту­ған жеріңе деген адалдық жә­не азаматтық сезімдер, өз елің­нің саяси, экономикалық, әлеу­меттік, мәдени саладағы же­тістіктерін мақтан ету — бұлардың бар­лығы да қазақстандық патриотизм деген ұғымның ішіне келіп сыя­ды. Бұған қоса олардың қатарына өз Отаныңның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғау, ата-ба­ба­ларың мен Отаныңның та­ри­хына құрметпен қарау, сон­дай-ақ, өзіңнің табанақы, маң­дай теріңді туған еліңнің гүл­денуіне арнауды да қосуға болады. Осылай екенін барлығымыз сезсек те бүгінгі күні республика көлемінде жастарға басшылыққа алып жұмыс жүргізетін патриоттық тәрбие беру жөнінде қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен тұжырымдамалар жоқ», — дейді депутат. Оның айтуына қарағанда, бұған дейін жасалған Үкімет бекіткен ел азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мерзімі аяқталып, ендігі күні 2008 жылдан 2012 жылға дейінгі аралықта мемлекеттік органдар өз білгендері бойынша жоспар жасап іске асырып келді.

«Сонда қалай ұрпақ тәрбиелеу ісіне 5 жыл бойы осыншалықты жеңіл қарап келдік пе деген ой келеді. Сонымен қоса бүгінде патриоттық құндылықтар мен рәміздерге айналған «Астана», «Бәйтерек», «Ақорда», «Алтын адам» сияқты тағы да басқа атауларды арақ, темекі сияқты алкогольдік өнімдердің атауымен атап жүрміз. Оған барлығымыздың көзіміз үйренді. Бұл саланың қазіргі күнгі жәй-күйін саралап, жастар арасында негізгі бағыттары бойынша сауалнама жүргізіп, мемлекеттік бағдарлама қабылдау бүгінгі күннің басты міндеті деп есептейміз. Бұл ретте жастар мен жасөспірімдер арасындағы экстремизм мен терроризм ойларының таралуына жол бермеу, Отанға деген құрмет пен өзара сыйластықты, патриоттық сезімдер мен жауапкершілікті насихаттауда және рухани тәрбие беруге бағытталған іс-шараларды көптеп ұйымдастыруымыз керек», — дейді А. Тасболатов.

«Еліміздің ертеңі жастар десек, ал жастарымызға дұрыс бағыт-бағдар беріп отыру бүгінгі қоғамда өмір сүріп отырған баршамыздың басты міндетіміз деп білеміз», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар