Жастарға қызметтік үйлер салуды қаржыландырудың 10 пайызы жұмыс берушілердің есебінен болмақ
Жастарға қызметтік үйлер салуды қаржыландырудың 10 пайызы жұмыс берушілердің есебінен болмақ. |
Бұл жайында бүгін Үкімет отырысында «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасының іске асырылу нәтижелері мен алдағы бағыттары туралы талқылау кезінде мәлім болды.
«Талқылауларды ескере отырып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен тиісті мүдделі органдардарға «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына өзгерістер енгізуді жеделдетуді тапсырамын. Атап айтқанда, жүзеге асыру барысындағы шаралардың тиімділігіне баса назар аударып, қатаң бақылау болуы тиіс»,-деді Үкімет басшысы С.Ахметов.
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру жүгі негізінен жергілікті атқарушы органдарға тиесілі екеніне тоқталған С. Ахметов, жұмыс берушілерді барлық бағыттарға белсенді қатысуға тарту керек екендігін жеткізді.
Премьер-Министрдің айтуынша, жұмыс істемейтін жастар үшін және оқытылып жатқандар үшін жұмыс берушілер жатақханалардың құрылысына белсенді қатысуға дайын болса, бұл қадамдарға қолдау жасалатынын сөз етті.
Сөз соңында С. Ахметов аталған бағдарламаны жүзеге асырудың екінші жылы аяқталып келе жатқанын, осы орайда оның тиімділігінің бағалау жүйесін енгізу уақыты жеткенін және сарапшылық бағалау негізінде құжаттың тиімді тұстарына нақты айқындау керектігін қадап айтты.
Үкімет отырысы барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы аясындағы толықтырулар жайында атап өтті. «Біріншісі - жастарға жатақхана беру. Бұл жерде міндетті талап еңбек шартының болуы және тұрғын үй жинақтары жүйесіне қатысу болып табылады. Яғни, келешекте жастар қаражат жинақтап, өздеріне тұрғын үй сатып алатын болуы керек. Ал екіншісі - мемлекеттік жеке әріптестік тетіктерін енгізу. 2013 жылы қанатқақты өңірлерде қызметтік тұрғын үйлер салу және оларға адамдарды орналастыруды кемінде 10 пайызын жұмыс берушінің қаржыландыруы арқылы жүзеге асыру жоспарлануда»,-деп түсіндірді министр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін