Жасы 100-ден асқан қариялар қажылыққа келді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.71
  • 536.17
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жасы 100-ден асқан қариялар қажылыққа келді

Жасы 100-ден асқан қариялар қажылыққа келді

Үндістаннан қажылық парызын өтеу үшін жасы 100-ден асқан үш қария қасиетті сапарға аттанды.

  • 7 Қазан 2013
  • 389
Фото - Caravan.kz

 Ғасырды артқа тастаған қариялар әлі де тың.

Muslim.kz сайтының жазуынша, олардың арасындағы ең ұзақ жасаған 107-дегі Исмаил Харьян штатынан келді. Ал Гуджарат штатының тұрғыны 102-ге толған. Уттар-Прадеш штатының тумасы Ілияс атамыз биыл тұп-тура 100 жасқа толды.

Үшеуі де қажылыққа «корольдің мейманы» ретінде, яғни жолға шығынданбай, тегін ұшып келді.

Киелі Мекке шаһарындағы Үндістанның бас елшісі Фазиз Ахмет Кидуаи жұма күні: «Ұзақ жасаған үш қажының денсаулығы бірқалыпты. Қарттарға қажылықтың қыр-сыры айтылды. Үндістанның медицина қызметкерлері олардың денсаулығын ұдайы қадағалап отырады»,- деп мәлімдеді.

Елшіліктің деректеріне қарағанда, Үндістаннан 100 91 қажы өткен бейсенбіге дейінгі аралықта Жидда мен Меккеге келіп үлгерген. Олардың 23-і Меккеде, ал 12-і Мәдинада көз жұмып, қажылық кезінде дүниеден озды.