Бұл туралы ernur.kz жазды.
Жас тұрғысына келгенде біреулер «Махаббат жасқа қарамайды» десе, енді бірілері ер адамнан әйелінің 4-5 жасқа кіші болу керек деп айтады. Әркімнің өз таңдауы өзінде, яғни жас айырмашылығында айтарлықтай қағида да жоқ. Қазіргі таңда, отаналары ерінен жас үлкендігі көптеп белең алған тәрізді. Бұл кезде таңқаларлық жайт болмай қалған. Осы кезге дейін өзінен үлкен әйелге үйленген адамдар туралы тарихи кітаптардан оқыдық емес пе?! Сонымен қатар, атағы жер жарған Алла Пугачева өзінің күйеуі Максим Галкиннен 27 жасқа үлкен екенін білетін боларсыз. Тағы да сол Ресейдің әншісі Лариса Долинаның Илья Спицын есімді жары өзінен 12 жыл кейін туған. «Евровидение-2016» жеңімпазы украиналық Джамала 33 жасында 25 жастағы Бекир Сүлейменов есімді мұсылманға тұрмысқа шыққанын да білесіздер.
Ал, бүгін қазақ сахнасындағы ерінен жасы ғана үлкен келіндеріңізді тізіп көрейік:
Мәдина Сәдуақасова мен Олжас Смағұлов
«Махаббат жалыны» деп ән салған Мәдинаны өзінен алты жас кіші жігіттің жалыны «өртеген». Қазақ сахнасындағы сұлу қыздың жары Олжас Смағұлов. Екеуінің қазіргі кезде бір ұлдары бар.
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз
Үйленгенін жұрттан жасырып жүрген, хит әнші Қайрат Нұртас өзінің жарынан бір жасқа кіші екен. Жары Жұлдыздың да музыкалық білімі бар. Қазір халық алдына бірге шығып жүрген мега жұлдыздар жақын күндері балаларымен бірге сахнаға шықпақ.
Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева
Бұл жұптың жас айырмашылықтары 3 жыл екен. Нәзік, сұлу Баянның продюсері болып жүрген Ерлан Орынбасаров кейін оның жұбайына айналды. Жұлдызды жұп екі ұл тәрбиелеп отыр.
Айнұр Жүгінісова мен Ерболат Жүгінісов
Ағайынды Жүгінісовтердің продюсері әрі анасы, актриса Айнұр ханым жарынан екі жас үлкен. Күйеуі Ерболат кәсіби биші болған, кейіннен кәсіпкерлікпен айналысқан. Қазір балаларының шығармашылығына қолдау білдіріп жүр.
Нұркен Өтеуілов пен Айнұр Болатқызы
Танымал актер, әнші Нұркен Өтеуіловтің жары Айнұр Болатқызы да актриса. Білуімізше Айнұр ханым отағасынан екі жасқа үлкен. Қазіргі таңда екі ұлдың ата-анасы. Балалары да өнерден алыс емес.
Арман Қоңырбаев пен Аша Матай
Арман мен Ашаның жас айырмашылықтары бар болғаны 19 күн. Бірақ қызығы сол Ашаның туған күні 22 желтоқсан, ал жарының туған күні 10 қаңтар. Қаңтарда жаңа жыл басталатын болғандықтан, келесі жылдың түлегі. Өнерлерін өмірлерімен біріктірген екі жастың бір қыздары бар.