Баянның жаңа образы кореялық әйелдерді еске түсіреді. Продюсердің джинсы көйлек пен қызыл етік кигенін көріп, көпшілік Алагөзованы танымай қалғандарын жазуда. Көпшілік жапондықтар киетін кимононың да сәнді продюсерге жараса кеткенін атап өткен.
Десе де, Алагөзованың кеудесі ашық суретін көрген желі қолданушылары жағымсыз пікірді де қарша боратқан.
“50-ге келетін болдың ғой, қойсаңшы”, “Өзіңе әдемі көрінгенімен, сырт көзге өте ерсі”, “Ұят”, – деп сынады желі қолданушылары.