Еркенің әріптестері де оны қолдап, челленджді жалғастыруда.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Челленджді қолдағандардың бірі "КешYOU" тобының әншісі Балжан Бидаш.
Әнші инстаграм желісіне құлаған суретін жүктеп, "Бұл челленджді @erke_esmahan -нан қабыл алдым
Челленджге айналып кетпесе болғаны. Жарайды, сіздерге жолдадым, бірақ жолда құлап жатпаңыздар" — деп жазба қалдырды.
Ал Балжанның оқырмандары оның ісін еріккен іске балады. "Сүріне берсеңдер, тұсау кесіңдер", "Жатысың жайлы болсын, жетіскен екенсіңдер", "Жатқан жерің жайлы болсын", "Еріккендердің ісі болып көрінеді" — деп пікірлерін жарыса жазды оқырмандар.
Құлап, суретке түсуді кім жалғастырар екен?!