"Жатып ішер": Әкім орынбасары оңтүстіктен солтүстікке көшіп келгендерге осындай баға берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жатып ішер": Әкім орынбасары оңтүстіктен солтүстікке көшіп келгендерге осындай баға берді

"Жатып ішер": Әкім орынбасары оңтүстіктен солтүстікке көшіп келгендерге осындай баға берді

Оңтүстіктен солтүстікке көшіп барғандарды әкім орынбасары жатыпішерлер деп атады 

  • 25 Қаңтар 2019
  • 374
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "КТК" арнасына сілтеме жасап Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Оңтүстіктен  солтүстікке көшкен ағайын бүгінгі тұрмысына наразы. Олар шенеуніктердің үйіп-төккен уәдесіне сеніп, туып өскен ауылын тастап, еліміздің бір шетінен екінші шетіне қоныс аударғандарын айтады. Жақсы өмір аңсап, арман қуып келгенде не баспана, не түпкілікті жұмыс таба алмай сандалған олар, кері қарай үдере көшуге қаражат таппай отыр. Ал әкім-қаралар болса, олардың кейбірін жатыпішер жалқау деп кінәлайды.

Токаревка – облыс орталығынан 70 шақырым жердегі шағын ғана ауыл. Онда тұрып жатқан 126 адамның 27-сі оңтүстіктен көшіп келгендер. Мұнда, тіпті, мектеп те жоқ. Балалар аудан орталығындағы  интернатта жатып оқуда. Көшіп келген жұрт оған да шүкір деседі. Әйтпесе, 2 үйді паналаған  3 отбасының сыймайтын түрі бар. 

Тілек Төлепов, Токаревка ауылының тұрғыны:

— 3 отбасы тұрамыз бір үйде.10 адамбыз. Сағындықов деген азаматтың үйі. Жеке фирмасы бар. Ал біз жұмыстан шығатын болсақ, бұл үйден шығарып жібереді. Біздің атымызға үй берген жоқ. Мен айтып-айтып шаршадым. Қойдым сосын.

 Тілек Төлеповтің отбасы картоп өсірген. Бірақ одан аса пайда болмапты. Әйелі сауыншы. Жаз маусымында сүт мол болғанда 60 мың теңгеге дейін алып отырған. Қазір қолына тиетіні – айына 5 мың теңге ғана. Қоныс аударғанда олар жаңа жерде тұрмыстары түзелер деп ойлапты. 3 жыл қатарынан мемлекеттік бағдарлама бойынша, жұрттың оңтүстіктен солтүстікке көш түзеуіне мұрындық болған Солтүстік Қазақстан билігіне өкпелі. Өздерін текке әуре қылды дегенді айтады.

Әзіз Көшербаев, Токаревка ауылының тұрғыны:


— Өзіміз күтіп аламыз, жағдай жасаймыз деген. Ол айтылып жатқан сөздің бірі де іс жүзінде іске аспады.

Алмагүл Рамазанова, Мамлют ауданы әкімінің орынбасары:

— Біз олардың барлық жағдайын жасауға тырысамыз. Мемлекеттің тиісті субсидиясы толық берілді. Олар әбден дайынға үйреніп алған. Жатып ішер деуге болады. Шынымды айтсам,өздері жәй жүрмей шу шығарып жүреді.

Көші-қонға жауаптылар солтүстікке дәрігер, мұғалім, механизатор сияқты мамандықтарды шақыратынын айтады. Ал көшіп келгендердің көбінің арнайы білімі жоқ, мойнында несиесі барлар. Сондықтан әр адамға 85 мың теңгеден берілген субсидияны бірден жұмсап қояды екен. Мемлекеттік бағдарлама бойынша оңтүстіктен солтүстікке 3 жылда 2700 адам қоныс аударған.