«Жәутеңдеп жетім қалды»: Костенко шахтасында қаза болған тағы бір шахтер жайлы ел білмейтін дерек тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жәутеңдеп жетім қалды»: Костенко шахтасында қаза болған тағы бір шахтер жайлы ел білмейтін дерек тарады

«Жәутеңдеп жетім қалды»: Костенко шахтасында қаза болған тағы бір шахтер жайлы ел білмейтін дерек тарады

Қарағанды облысы Костенко шахтасында қаза болғандардың тағы бірінің жаназасы ертең шығарылмақ.

  • 30 Қазан 2023
  • 2596
Фото - Caravan.kz

Асхат Сапарғалиевтің соңында екі баласы жетім қалған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Белгілі болғандай кеншіні ақтық сапарға шығарып салу рәсімі ертең сағат 10.00-де Қарағанды қаласындағы Бала қажы мешітінде өтпек. Ас Әбиба мейрамханасында өтеді. 

Кенші шахтада кен жұмыскері болып қызмет еткен. Ол бұл жұмыста 6 жыл бойы қызмет еткен. 

Өкініштісі шахтердің соңында екі баласы жетім қалған. Марқұм Асхат Сапарғалиевтің қызы 10 жаста болса, ұлы бар-жоғы 4 жаста қалған. 

Қазақстандықтар қаза болған кеншілердің отбасыларына жаппай көңіл айтып, қайғыларына ортақ екенін жеткізуде.