Жаужүрек мың бала» фильмінің алғашқы көрсетілімінен бір млн. долларға жуық қаржы жиналды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаужүрек мың бала» фильмінің алғашқы көрсетілімінен бір млн. долларға жуық қаржы жиналды

Жаужүрек мың бала» фильмінің алғашқы көрсетілімінен бір млн. долларға жуық қаржы жиналды

Ақан Сатаевтың Жаужүрек мың бала фильмінің 3-6 мамыр аралығындағы алғашқы көрсетілімінде 147 млн. 600 мың теңге жиналды.

  • 8 Мамыр 2012
  • 498
Фото - Caravan.kz


Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл отандық кино өндірісіндегі рекордтық көрсеткіш болып отыр. Қазір республикадағы кинотеатр өкілдері фильмнің мемлекеттік тілдегі нұсқасына қосымша тапсырыстар беруде. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бастапқыда кинотеатрларға фильм нұсқаларының 70 пайызын қазақ тілінде, ал 30 пайызын орыс тілінде ұсынған болатын. Алайда олардың «негізгі көрермендерімізді жоғалтып алуымыз мүмкін» деген күдігінен кейін, фильмнің 30 данасы орыс тілінде және 21 данасы қазақ тілінде дайындалған еді. Қазір оның қазақ тіліндегі қосымша тағы 6 данасы дайындалып жатыр.

Перейти к новостям спорта