Жаһандық және аймақтық деңгейде Қазақстанның алатын рөлі жоғары - Паоло Бартолоцци - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаһандық және аймақтық деңгейде Қазақстанның алатын рөлі жоғары - Паоло Бартолоцци

Жаһандық және аймақтық деңгейде Қазақстанның алатын рөлі жоғары - Паоло Бартолоцци

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми «Қазақстан Республикасы - Еуропа Одағы» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің төрағасы Паоло Бартолоцци бастаған Еуропа Парламентінің делегациясын қабылдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметінен хабарланды.

  • 31 Қазан 2012
  • 362
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағының өзара іс-қимылын дамыту мәселелері талқыланды. «Әлемдік саясат пен экономикада жетекші орын алатын Еуропа Одағы Қазақстанның маңызды стратегиялық әріптесі болып табылады», — деді спикер Қ.Мәми. Сонымен қатар, әңгіме арасында Сенат Төрағасы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының Еуропа Одағына берілуімен құттықтады және осы жоғары марапатқа қол жеткізудегі Еуропа Парламентінің еңбегін атап өтті. «Қазақстан демократия, адам құқығы және заң үстемдігін құрайтын жалпы еуропалық құндылықтарға ортақтасады», — деген спикер парламентаралық үнқатысуды одан әрі ұлғайту жайында ойларын ортаға салды.

Өз кезегінде П.Бартолоцци Қазақстан мен Еуропалық Одақ ынтымақтастығын парламенттік өлшемде нығайту үшін осы кездесудің ерекше маңызын атап өтті. Жаһандық және аймақтық деңгейде Қазақстанның рөлін жоғары бағалай келіп, П.Бартолоцци әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуды іске асыруда, «өз азаматтарының әл-ауқатына кепілдік беретін еркін және қуатты мемлекетті нығайтуда» табысты болуға тілектестігін білдірді.

Тараптар сондай-ақ аймақтық ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.

Еске салсақ, Еуропарламент делегациясы «Қазақстан Республикасы — Еуропа Одағы» Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 11-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келген болатын.