Жаз басталғалы суда батқандар саны артты - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаз басталғалы суда батқандар саны артты

Жаз басталғалы суда батқандар саны артты

Жаздың бір жарым айының ішінде республикада суға 150-ден астам адам батып кетті. Келесі саны жұма күні саудаға түсетін «Караван» апталығының бір мақаласы осы тақырыпқа арналды, деп апталық редакциясынан ҚазТАГ агенттігіне хабарлады.

  • 15 Шiлде 2011
  • 554
Фото - Caravan.kz

Апталық жазғандай, жыл басынан бері еліміздің су қоймаларында 250-ден астам адам суға батып, 816 адам құтқарылды. Тізімде адамдардың қандай көлдерде батқаны келтірілмейді. ТЖМ мәліметтерінше, суға мас адамдар, қайықтар мен катамаранға құтқару кеудешесін кимей отырғандар, және қараусыз қалған балалар жиі батады екен.

Оңтүстік астанадағы халық арасында кең танымал су қоймалары – «Бент» АҚ, әуежайлық, Сайран, Пархач, Первомайские көлдері. Бұл су қоймаларында судан құтқару қызметтері мен полиция патрульдері жүреді.

Апталықтың басқа бір мақаласында жақында Іле Алатауы мен Медеу шатқалының кейпін өзгертіп кеткен дауыл туралы жазылған. Таудың тік беткейлерінде мыңдаған ағаш құлап жатыр. Әдетте Іле-Алатау бағында санитарлық мақсатта жылына 300 ары кетсе 1000 текше метр ағаш қырқылады екен. Бірақ биылғы мамыр мен маусымда бірден 96 мың текше метр ағаш құлапты, деп жазады газет.

Бұл ағаш үшін Т2 млрд пайда табуға болады. Бірақ ондағы жұмыс өте баяу жүріп жатыр, себебі мемлекет оған жеке кәсіпорындарды жібермейді. Кәсіпкерлердің айтуынша, шенеуніктердің қолынан келмейтін жерлер үшін олар өздеріне 20-50% мөлшеріндегі үлкен «откат» сұрайды екен. Бізде осындай жаман әдет пайда болды…

Тағы бір мақала Жамбыл облысына арналған. Онда тыныс алу жолдарының ауру көрсеткіші 3 есеге артыпты. 2010 жылы аймақ атмосферасына 83 мың тонна ластағыш заттар тасталған. Тараз бен облыстың басқа да қалаларында шаң, көміртегінің оксидінің, азоттың диоксидінің, фторлы сутегінің, формальдегидтің мөлшері рұқсат етілген шекті мөлшерден бірнеше есеге артық. Бірақ жергілікті мемлекеттік органдар проблеманы байқамай отыр.