Жазасы - 11 жыл. Полицейлер адамды бөлшектеп, пакетпен тасыған алматылықты ұстаған - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жазасы - 11 жыл. Полицейлер адамды бөлшектеп, пакетпен тасыған алматылықты ұстаған

Жазасы - 11 жыл. Полицейлер адамды бөлшектеп, пакетпен тасыған алматылықты ұстаған

Жетісу облысында жұмыс берушісін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған 55 жастағы ер адам сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz 

  • 20 Қыркүйек
  • 6
Фото - Caravan.kz

Жетісу облысында жұмыс берушісін өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған 55 жастағы ер адам сотталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл ақпанның ортасында полиция патрулі Қаратал ауданының Бастөбе ауылында полиэтилен пакетке адамның басын салып, алып бара жатқан мопед жүргізушісін ұстады. Полицияға жеткізілген ер адам Алматының 55 жастағы тұрғыны болып шықты, ол көп ұзамай өзінің жұмыс берушісін өлтіргенін мойындады.

Тергеу барысында анықталған мәлімет бойынша, ер адам мас күйде жұмыс берушісін балғамен ұрып өлтірген, ал денесін ас үй пышағымен бөлшектеп, қалалық зиратқа бөлшектеп тасуға тырысқан. Ол жалға алған үйді тінту кезінде полиция қызметкерлері марқұмның денесінің қалған бөлігін тапты. Ол бірнеше пакетке салынған. Жәбірленуші 50 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

«Қыста мопедпен жүк тасыған ер адам полиция қызметкерлерінің күдігін туғызған. Бұл Қаратал аудандық полиция қызметкерлерінің қырағылығы, нәтижесінде аса ауыр санатқа жататын қылмыстың ашылуына ықпал етті. Тергеу ҚК-нің 99-бабы («Адам өлтіру») бойынша жүргізіліп, тамызда қылмыстық іс сотқа жіберілді», — деп хабарлады облыс ПД баспасөз қызметі.